История колледжа

Колледж тарихы

 Тарихы мен дәстүрі аңызға айналған Семей қаласында алғашқы рет қаржы-экономикалық статус қалай келді? 30-жылдардың бас кезінде қалада орналасқан банк мекемесінің ғимаратында оқу комбинаты ашылды. Бұл жайында техникумның алғашқы түлектерінің бірі- Рымбек Сымақ ұлы өзінің “Советтік Қазақстандағы экономика мен бюджет ” деген үлкен еңбегінде жақсы баяндайды. Бұл еңбегінде Рымбек Сымақ ұлы Қазақстандағы экономикалық құрылым, оның өсу жолдары экономикалық аймақ ретіндегі жетістіктері, жалпы қаланың өсу деңгейі туралы жақсы мәліметтерді келтіреді. Осындай қарбалас кезеңде экономикалық  білімнің қажеттілігі, білімдарлықтың болуы аса міндетті деп санады техникум түлегі Қазақ ССР-нің Халықтық комитетінің қаржы бөлімінен  экономикалық комбинат ашу туралы қаулысы шығарылды. 1931 жылы 15 тамызда Семей қаласында  өлкелік қаржы курсы дүниеге келді. Ал 1941 жылы қаржы-экономикалық техникум болып құрылды. Алғашында оқу комбинаты бола тұрса да білім беруге Қазақстанның түпкір-түпкірінен жастарды оқуға қабылдады. Оқуға келген жастар өте талантты, білімге құштар жандар еді. Олар өздері курста оқып жүрсе де, мәні мен мағынасы зор үлкен бір оқу орнында оқитындай сезінетін. Шындығында да солай болды. Оқу – ісі, оқу -тәрбие жұмыстары сол кезде үлкен жолға қойылған еді. Көп ұзамай   оқушылар  мен  оқытушылар  ізденістері  мен  еңбектеріне  орай  өздерінің  статустарын  жоғарылатудан үміттері  болды.Бұл  үміттері  де  көп  ұзамай  орындалды,оқу  орны  техникум  статусын  алды.

   Техникум  әкімшілігі  қоғамның  қай  кезеңінде  де  асқан  қажырлылық, ізденімпаздық  таныта  білді.Тіпті  соғыс  кезінде  де  техникум  өз  жұмысын  тоқтатқан  жоқ, түлектерді  дайындап   ұшырып  отырды.

   Техникумды  1969-жылдарға  дейін  12  директор  басқарды. Сол  кезде  техникумды  Совет  Одағының  Батырлары: Петр  Филиппович  Железняков, Сергей  Ильич  Морозов, Кенжебек  Шәкен  ұлы  Шәкеновтар  сияқты  батыр  түлектер  бітірді. Бүгінде  бұл  батыр  түлектердің  ерлік  істері, Отанын  қорғаудағы  қайраттылық  пен  табандылықтары  жас  ұрпақтардың  жүрегінде. Жыл   сайын  бұл  ұлы  есімдердің  құрметіне  көптеген  оқу-тәрбие  үрдісінде  маңызды  іс-шаралар, апталықтар  ұйымдастырылып  отырылады.

Оқу  орнының  гүлденуіне, Қазақстанның  алдыңғы  қатардағы  озық  оқу  орындарының  біріне  айналдыруда  техникумды  1969-1985  жылдар  аралығында  Қазақ  ССР-інің  Еңбегі  Сіңген  ұстазы, Ұлы  Отан  соғысының  ардагері, «Құрмет» орденінің  иегері, Қазақстан  Республикасының  Білім  беру  ісінің  үздігі, Семей  қаласының  құрметті  азаматы — Роллан  Мұса ұлы  Мусиннің  ерен  еңбегін  атамай  кетуге  болмайды.

   Жастайынан  еңбекке  құмар  Роллан  Мусин  Семейдің  Кен — барлау  техникумын  аяқтап  барып  Ұлы  Отан  соғысына  аттанады. Соғыста  өжет, намысшыл  азамат  ротаны  басқарады.Қаталдығы  мен  мейірімділігі  бірге  жарасқан  Роллан  Мусин  елін  қорғауда  ауыр  жараланып  еліне  қайтады. Қайтып  келгеннен  кейін  де,  қызыметінен  тыс  қалмайды. Балдақпен  жүріп  Шар  ауданында  мектеп  директоры  қызметін  атқара  жүріп  оқушыларға  жаңа  типті  мектеп  салдырады.Бұл  мектептің  атақ-даңқын  республикаға  әйгілі  етеді.

   Ұстаздық  жолдағы  ауыр  да,  қызықты  қызметін  Роллан  Мусин  1969-жылдан  бастап  қазіргі  Рымбек  Байсеитов  атындағы  қаржы-экономикалық  колледжін  басқарумен  жалғастырады. Бұл  оқу  орнының  оқу-тәрбие  жұмысының  деңгейін  Кеңес  Одағының  әлеміне  әйгілі  етеді. Алғаш  рет  Москвада  мемлекеттік  тілде  баяндама  жасаған  да  Роллан  Мұса  ұлы  еді.

   Заман  талабына  сай  сегіз  қабатты  ғимаратты  да  асқан  табандылығының  арқасында  аз  уақыт  ішінде  салып  аяқтайды. Бүгінде  оқып  жатқан  жастар  дән  риза, сол  кездегі  ауыр  сәттерді  бір  мезет  естен  шығармайды, үнемі  ұлағатты  ұстаздың  ерлік  ісіне  ізгілікпен, асқан  құрметпен  қарайды.

   Ал  1985-жылдан  бүгінге  дейін  экономика  ғылымдарының  кандидаты, «Ерен  еңбегі  үшін» медальінің  иегері  Түсіпбеков  Тілуғали  Темірғали  ұлы  басқарып  келеді.1995-жылы  колледж  ішінен  Мемлекеттік  қаржы  институты  ашылып,оның  алғашқы  ректоры  Т.Т.Түсіпбеков  болған  еді.

 

1986 – 2005 жылдар кезеңінде техникум – колледж қабырғасында қалалық және республикалық деңгейде жауапты және есте қаларлық іс-шаралар өткізілді:

— ССР Одағы Қаржы техникумдары бүкілодақтық ғылыми–практикалық коференциясы, 1986 жылы.

— Қазақстан Республикалық арнайы орта оқу мекемелері конференциясы.

— 1991 жылы техникум өзінің 60 жылдығын атап өтті. Осы уақытта мамандарды шығару 15 701 адамды құрады.

— 1993 жылы Қаржы Министрлігі қызметкерлерін шақырып, Р.С.Байсеитовтың туғанына 71 жылдығына арналған үлкен іс-шара өткізілді.

— 1995 жылы ҚР Министрлер Кабинеті Қаулысымен Семей коммерциялық техникумы және Семей қаржы–экономикалық колледжі негізінде Мемлекеттік қаржы институты құрылды.

— 1996 жылы Семей қаласы мекемелері арасында I-і Байсеитовшілер ғылыми конференция өтті. Қазіргі кезеңде барлығы 9 конференция өткізілді.

— 2001жылы «Білім сапасын ақпараттық технология негізінде басқару» атты Республикалық ғылыми-әдістемелік конференциясы.

— 2002 жылы «Үздік жыл колледжі» республикалық сайысына қатысып, II орынды иеленді.

— Колледж негізінде ҚР МОН 2003 жылы 15 ақпанда №155 бұйрығына сәйкес арнайы пәндер бойынша ОӘК және оқулықтарды сынақтан өткізу эксперименттік алаңы ұйымдастырылды.

— 2003-2004 оқу жылында 18 оқулықтар шығарылып ұсыныстар алып,  сынақтан өтті және колледж оқытушылары құрастырған арнайы пәндер бойынша ОӘК жасалды.

— «Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Қолдану әдістемесі» республикалық семинар, қараша, 2004 жыл.

— «Кәсіптік орта білім беру сапасы: мәселелер саласы» республикалық ғылыми — әдістемелік семинар, сәуір, 2005 жыл.

— ШҚО бойынша білім беру облыстық департамент деңгейінде оқу-тәрбие процессі сапасын басқаруда ақпаратты технологияны қолдану бойынша колледж жұмыс тәжірибесін жинақтау, 2005 жыл.

Қазіргі ұжым өздерінің бұрынғы әріптестеріне лайықты болуы үшін барлық күш-жігерін салуда, әр мезетте жұмыс істеген ұстаздар, бұрынғы түлектер туралы естеліктерді сақтап және ұқыптылықпен қорғап отыра, колледж дәстүрлерін  көбейтеді. Педагогикалық ұжым бірнеше жыл бойы білім сапасын басқару мәселесін шешуге бағытталған жоспарлы ізденістер, ғылыми-зерттеу шығармашылық жұмыс жүргізуде.

Колледж мәселесін шешуде жаңа педагогикалық және ақпараттық технологияға негізделуде, олар бір-біріне қосымша толықтырып, өзара дамуын оны тиімді қолдануын қамтамасыз етеді. Бұл ізденістер нәтижесінде келесі жинақталған еңбектер нәтижелері:  «Қаржыгер қызметінің Моделі», «Оқытушы Моделі», дарынды балалар үшін «Байсеитов Шыңын Бағындырушылар Мектебі» құрылды, «Педагогикалық сүйемелдеу» технологиясы енгізілді, «Оқушылар білімін бағалаудың тестілі-рейтингілік жүйесі құрылып бірнеше жыл қолдануда, «Оқытушы қызметін рейтингілік бағалау», «Класс жетекші қызметін рейтингілік бақылау», «Маман Моделін жүзеге асырудағы оқушының жеке рейтингі», топ пен бөлім рейтингі. Компьютерлендіру аяқталып, жергілікті желі құрылып Интернетке қосылды.

«Электронды журнал» бағдарламасы құрылып, басқару автомат бойынша жұмыс атқарылады. Р.С.Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономиклық колледжі 2004 жылы жоғарғы халықаралық наградаларға лайықты болды, олар «Іскерлік тәжірибедегі жоғарғы сапалылығы үшін алтын медальмен» және «Сала көшбасшысы» номинациясы бойынша «Eartmaker» (Эртсмейкер) наградасы атағының құрметті иегері. Бұл марапаттар колледж ұжымының көп жылғы жанқиярлық еңбегінің танылуы, білім беру саласындағы жоғарғы кәсіпкерлігінің бағалануы болды.  

 

«Ер есімі – ел есінде»

Морозов Сергей Ильич 1917-1943

Кеңес Одағының Батыры, Ленин, Қызыл Жұлдыз, Қызыл Ту   ордендерімен марапатталған.

            23.10.43 жылы Мелитополь қаласы маңында жауынгер тапсырмасын орындауда, ол өзінің лаулаған ұшағын жау танкілерінің шоғырына бағыттады.

            1939 жылғы қаржы техникумының түлегі.

Железняков Петр Филлипович 1917-1951

            Кеңес Одағының Батыры.

            Семей қаласында туған.

ҰОС жылдарында 108-гвардияшылар штурмалық авиация полкінің эскадрилия командирі болды. Ленин ордендерімен, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, 3 мәрте Қызыл Ту   ордендерімен, Александр Невский, Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған.

1939 жылғы қаржы техникумының түлегі.

Ибраев Әйткеш Абайұлы.

Семей облысы, Жаңасемей ауданы, Новобаженово ауылында туған.

16.07.44 жылы Янчево деревнясындағы ұрыста ерекше ерлік көрсетті.

Ленин орденімен, 2 мәрте Қызыл Жұлдыз, 2-ші дәрежелі Отан соғысы  ордендерімен марапатталған.

Техникум оқушылары арасынан 1942 жылы Қызыл әскер қатарына шақырылды. Майданда қаза тапты.

Жүйріков Кеңес Қажгерейұлы.

1936 жылы туған.

Қазақстанға еңбек сіңірген экономисі, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық сақтандыру бизнесі академиясының және әкімшілігінің (АҚШ) академигі, Халықаралық Еуразия экономикалық академиясының академигі, «Кәсіпкер сақтандырушы» халықаралық алтын мелалімен марапатталған, Халықаралық Еуразия экономикалық академиясының лауреаты. ҚР БҒМ белгісі «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» атағымен марапатталған.

1963 жылғы техникумының түлегі.

Рымбек Смақұлы Байсеитов 1922-1991.

            ҰОС ардагері, ҚР еңбек сіңірген экономисі.

            1974-1984 жылдары қаржы Министрі.

            Екі  Қызыл Ту ордендерімен, Халықтар достығы орденімен, «Құрмет белгісімен», «Қаржы ісінің үздігі» белгісімен марапатталған.

            ҰОС ардагері, Отан соғысы орденімен, және жауынгер медальдарымен марапатталған.

            Р.С.Байсеитовтың аты, СҚЭК және Семей қаласының көшелерінің біріне берілген. «Казцентрбанк» басшылығы жиырма Байсеитов стипендиясын тағайындады.

1949 жылғы СҚЭТ түлегі.

Логинова Мария Александровна.

            1929 жылы туған.

            Қаржы органдарындағы еңбек стажы 18 жыл, СҚЭК – 41 жыл.

            Қолледж қызметкері, қарт ардагер.

            «Еңбектегі ерен ерлігі үшін» медалімен, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, Қазақ ССР Халықтық бақылау Құрмет грамотасымен, КСРО қаржы министрлігінің көптеген грамоталарымен марапатталған, Қазақ ССР «Қаржы ісінің үздігі» атағы берілген.

            Бюджеттік қаржы комиссиясы төрағасының міндеттерін орындаған, үш дүркін қалалық Совет депутатына сайланған.

Қазіргі уақытта колледждің «Тарихи мұражай» жетекшісі.

            1946 жылғы техникум түлегі.

 

«Білікті басшы – болашақтың бақыты»

Шәкенов Кенжебек Шәкенұлы 1924

Семей облысы, Жарма ауданы, «Боко» кеншарында туған. Кеңес Одағының Батыры.

28.09.43 жылы Днепр өзенін алғашқылардың бірі болып жүзіп өтті, плацдармдағы ұрыста бірнеше солдаттар мен офицерлерді, және жаудың 3 пулеметын жойған.

Ленин орденімен, I-ші дәрежелі Отан соғысы  орденімен марапатталған.

1961-1964 жылдары техникум мүдірі.

Мусин Роллан Мұсаұлы.

            1922 жылы туған.

            Жалпы жұмыс стажы 40 жыл.

            ҰОС ардагері, Қазақ ССР енбек сіңірген мұғалімі.

            Екі орденмен марапатталған «Құрмет белгісі» ордендерімен, I-ші дәрежелі Отан соғысының орденімен, «Құрмет» орденімен, 16 медальмен, «Қаржы ісінің үздігі» белгісімен марапатталған.

            Қазіргі уақытта аймақтық мүгедектер қоғамының төрағасы, белсенді қоғамдық жұмыстар жүргізуде.

            1969-1985 жылдарда техникум мүдірі.

Түсіпбеков Тлеуғали Темірғалиұлы.

            1949 жылы туған.

            СҚЭК-гі еңбек стажы-31 жыл, 20 жыл – мүдір қызметінде.

            Экономика ғылымдарының кандидаты, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметткері.

            Ы.Алтынсарин медалімен, «Білім беру үздігі» белгісімен, «Қаржы ісінің үздігі», Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, ҚР Білім және ғылым Министрлігінің,  қаржы Министрлігінің құрмет грамоталарымен марапатталған.

            Халықаралық бағдарлама бойынша «Eartmaker», сала қолбасшысы номинациясы бойынша «Хрустальный рыцарь (Хрустальды сері)» медалімен марапатталып, рыцарьлар орденіне кіргізіп және құрметті «Қасиетті Ионна Мдина Құрметті Ордені» атағына иеленді.