Бүгін Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжінде “Әдістемелік күн” ұйымдастырылды. Бұл күн колледжіміздің оқытушылары мен қызметкерлері үшін кәсіби біліктілікті арттыруға, жаңа әдіс-тәсілдермен бөлісуге және білім беру сапасын жақсартуға бағытталған ерекше шара болды.
Іс-шара барысында:
• Заманауи педагогикалық технологиялар талқыланып, шеберлік сабақтары өткізілді.
• Оқытушылар инновациялық әдістерді пайдалану тәжірибесімен бөлісті.
• Студенттерге білім берудің тиімділігін арттыру мақсатында жаңа ұсыныстар мен идеялар ұсынылды.
“Әдістемелік күн” – оқытушылардың шығармашылық әлеуетін арттырып, кәсіби дамуына жаңа серпін береді. Бұл шара алдағы уақытта да біздің колледждің білім беру сапасын одан әрі жетілдіруге ықпал ететіні сөзсіз!