Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті, Атырау облысы Білім беру басқармасының балаларға қосымша білім беру оқу әдістемелік және ғылыми практикалық орталығы ұйымдастырған «АДАЛ ТАБЫС – АДАЛ АЗАМАТ» атты Республикалық 1 слетін 2024 жылдың 26 –қарашасында өткізді. Аталған слетке республикадан «Саналы ұрпақ» ұйымының тьютерлары мен мүшелері қатысты. Осы іс-шараға Абай облысының құрамасында «Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы- экономикалық колледжі» КМҚК «Саналы ұрпақ» ұйымының тьютері Бектұрғанова Динара Алдабергеновна мен ұйым мүшесі Абылкасимов Бөкейхан құрамға еніп, қатысып қайтты.«Ар-ождан алдындағы адалдық – өз қадір- қасиетіңе, ізгі іс-әрекетіңе байланысты» қағидасы негізінде ұйымдастырылған слет, жоғары деңгейде өтіп, ұлт болашағына бей- жай қарамайтын өскелең ұрпақтың ел тағдырына өз үлестерін қосатындықтарын айқын дәлелдеді.Абай облысының құрамасы жүлделі 3- орынды иеленіп, зор ықыласқа бөленді.ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН, ОЗЫҚ ОЙЛЫ ҰЛТ, АДАЛ АЗАМАТ!