2024 жылдың 6- наурызында «Оқуға құштар колледж» бағдарламасы аясында колледж кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Тәлімгер не оқиды?» акциясы өтті. Аталған акцияға 23 ЕА-5 тобының жетекшісі Р.К. Сулейменова қатысып, студенттерге Абай Құнанбаевтың өлеңдерін оқуды ұсынды. 23 ЕА-5 тобының студенттері оқылған кітаптардан материал жинақтап, бүктеме дайындап кітапхана көрмесіне өткізді. Бүктеме мұқабасында қойылған QR-код арқылы Абай өлеңдерін тыңдауға болады. Акцияның мақсаты: студенттердің назарын топ жетекшісі ұсынған кітаптарды оқуға аудару.
![](https://i0.wp.com/sfek.kz/wp-content/uploads/2024/09/sfekcollege_1727081881245-1024x1024.jpeg?resize=1024%2C1024&ssl=1)