Онлайн режимде «Жемқорлыққа қарсымыз»плакаттарконкурсын өткізудіңережесі
Онлайн режимде «
Жемқорлыққа қарсымыз»плакаттар конкурсын1-4 курс студенттерімен өткізу.
Конкурсты өткізудің мақсаты:студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру, мемлекет пен қоғамның әлеуметтік құбылысы ретінде сыбайлас жемқорлықтан бас тартуға бағытталған, сондай-ақ жалпыадамзаттық құндылықтарды бекіту,студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту және жүзеге асыру, дарындыларды анықтау және қолдау негізінде жастардың азаматтық позициясы мен жауапкершілігін тәрбиелеу.
Өткізілу түрі:Онлайн
Өткізілу күні:20.01.21-23.01.21
Кері байланыс:Mukhametkalieva1@mail.ru электронды
поштаға жұмыстарды жіберу.
Конкурсты ұйымдастырушы:
Ұланатова Ж.Е,Габдулин А.М.
Қатысушыларғақойылатынталаптар:
- Қатысушыларға қойылатын талаптар конкурсқа қатысу үшін берілген тақырыптар бойынша шығармашылық жұмыс ұсыну қажет.
- Барлық жұмыс қағаз түрінде ұсынылуы қажет (+ электронды түрде, егер жұмыс техникалық құралдарды қолданып орындалған болса).
Конкурс жұмыстарын бағалау критерийлері:
1. Тақырыпты толық аша білу
2.Жұмысты орындауға шығармашылық көзқарас
3.Жұмысты орындау сапасы
4. Ақпараттылық
5.Қорытынды 24.01.2021ж. шығарылып, 1,2,3 орын алған студенттер мақтау қағазымен марапатталады.
