Cтуденттік Парламентке сайлауды өткізу туралы» Ережесі


 «Рымбек  Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі"

КМҚК студенттік Парламентке сайлауды өткізу туралы» Ережесі

 

1. Жалпы ережелер

 

1.1. Осы ереже «Р. Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі" КМҚК(бұдан әрі Колледж)студенттік Парламентке сайлауды өткізу және дайындау кезінде туындайтын қарым-қатынастарды реттейді, сондай-ақ колледж студенттерінің ерік білдіру бостандығын қамтамасыз ететін кепілдіктерді белгілейді.

1.2. Колледжде сайлау студенттердің өз құқықтарын сайлауға және сайлануға еркін жүзеге асыру үшін негізделеді.

1.3.Студенттік Парламент мүшелерін сайлау колледж студенттерінің өзін-өзі басқару органы ретінде жалпыға бірдей, жасырын дауыс беру арқылы тең және тікелей сайлау құқығы негізінде жүзеге асырылады.

1.4. Студенттік Парламент төрағасы мен төрағасының орынбасарын сайлау, сайланған Парламент мүшелерінің ашық дауыс беру арқылы жанама сайлау құқығы негізінде өткізіледі.

1.5. Колледж студенттерінің сайлауға қатысуы,ерікті болып табылады. Ешкімнің студенттің сайлауға қатысуға немесе қатыспауына мәжбүрлеуге, сондай-ақ оның еркіндігін шектеуге құқығы жоқ.

1.6.Жалпыға бірдей белсенді сайлау құқығы - колледж студенттерінің сайлауда оқыту курсына, шығу тегіне, әлеуметтік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, нанымына немесе өзге де кез келген мән-жайларға қарамастан дауыс беруге қатысуға құқылы.

1.7. Бәсең сайлау құқығы - колледж студентінің студенттік Парламенттің сайланған мүшесі, төрағасы, төрағасының орынбасары болып сайлануға құқылы.

1.8. Колледж студенттері тең негіздерде студенттік Парламент сайлауына қатысады және олардың әрқайсысы тиісінше бір дауыспен бір сайлау бюллетеніне ие болады.

1.9.Студенттік Парламент құрамының кандидаттарына тең құқықты  және сайлауға қатысуға кепілдік беріледі.

1.10. Жанама сайлау құқығы. Студенттік Парламент төрағасы, төрағаның орынбасарын сайлауға  – студенттік Парламент құрамына кірген колледж студенттері қатысады

1.11. Студенттік Парламент төрағасы мен төрағасының орынбасарын сайлауға сайлаушылар  тең негізде қатысады және олардың әрқайсысы студенттік Парламент төрағасы мен төрағасының орынбасары сайлау кезінде бір дауысқа ие болады.

1.12. Жасырын дауыс беру. Колледжде студенттік Парламент мүшелеріне дауыс беру сайлаушылардың ерік білдіруіне қандайда болмасын бақылау мүмкіндігін болдырмайтын жасырын болып табылады.

1.12. Студенттік Парламент мүшелерін, сондай-ақ колледж студенттерімен сайланатын студенттік Парламенттің төрағасы,төрағасының орынбасары сайлау кезінде дауыс санаудың мынадай жүйесі қолданылады:

1) дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) жетпіс бес пайыздан артық дауыс алған кандидат сайланды деп есептеледі;

2)студенттік Парламент мүшелерінің құрамына жастар қоғамдық бірлестіктерінен бірлестік мүшелері сайлайды, сайлаушылардың дауыс беруге қатысқан жетпіс бес пайыздан артық дауыс алған кандидат сайланды деп есептеледі.

 

2. Сайлау органдары

 

2.1.Сайлау органдары колледжде сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын сайлау комиссиясы болып табылады.

2.2. Сайлау комиссиясының құрамы колледж студенттерінен қалыптасады.

2.3. Сайлау комиссиясының өкілеттік мерзімі екі жылды құрайды.

2.4. Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған тұлғалар оның жұмысына қатысуға келісетіні туралы өтініштерін қоса береді. Төрағасы, төрағасының орынбасары, сайлау комиссиясының хатшысы сайлау комиссиясы отырысында сайланады.

2.5. Сайлау комиссиясының жаңа құрамын құру 1 қыркүйектен басталады және сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімінің аяқталуына  кемінде үш күн қалғанда аяқталады.

2.6. Сайлау комиссиялары құрамы туралы шешім қалыптастыру, олардың құрамы мен орналасқан жері колледждің ақпаратты құралдарында хабарланады.

2.7. Сайлау комиссияның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезінде қызметіне араласуға жол берілмейді.

2.8. Сайлау комиссиясы өкілеттіктері:

      1) сайлау туралы Ереженің орындалуын бақылауын жүзеге асырады; олардың бірыңғай қолданылуын қамтамасыз етеді; өз құзыретінің шегінде шешім қабылдайды;

2) студенттік Парламентің мүшелерін сайлауды өткізуді ұйымдастырады және дайындайды;

3) колледждің студенттік Парламенті мүшелігіне кандидаттарды тіркейді, кандидаттарды тіркеу туралы хабар колледждің ақпарат құралдарында жариялайды;

4) колледждің студенттік Парламенті мүшелігіне сайлау қорытындыларын шығарады, бұл туралы хабар колледждің бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланады;

5) шығып қалғандардың орнына студенттік Парламент мүшелеріне сайлау тағайындайды;

 

3. Сайлау алдындағы үгіт

 

3.1. Сайлау алдындағы үгіт - студенттік Парламент мүшелігіне қатысуға немесе оған қарсы қандай да бір кандидатты қолдап дауыс беруге сайлаушыларды итермелеу мақсаты бар қызметі.

Басқа оқу орындарының студенттеріне,әкімшілікке, оқытушылары мен қызметкерлерге кандидаттарды ұсыну және сайлау, сайлауда белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге тосқауыл және (немесе) ықпал ететін қызметті жүзеге асыруына тыйым салынады.

3.2. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу, кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталып және сайлау болатын күннің алдындағы жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

3.3. Сайлау алдындағы үгіт:

1) колледждің ақпарат құралдары арқылы;

2)көпшілік сайлау алдындағы іс-шараларын өткізу жолымен (сайлау алдындағы жиналыстар және кездесулер, жария түрдегі сайлау алдындағы дебаттар мен пікірталастар, сондай-ақ жеке кандидаттардың студенттермен кездесулерін);

3) баспа, дыбыс-бейне және(немесе)  өзге де үгіт материалдарын тарату және шығару жолымен.

3.4.Сайлау алдындағы үгітті, кез келген үгіт материалдарын таратуға, жүргізуге тыйым салынады:

1) колледж әкімшілігінің қызметкерлеріне;

2) колледж оқытушылары мен қызметкерлеріне;

3) сайлау комиссиясы мүшелеріне.

3.5. Колледждің ақпарат құралдары кандидаттардың сайлау науқанын әділ жариялауды жүзеге асыруға міндетті; үгіт материалдары мен өзге де ақпаратты жариялаудан тартынуға, кандидаттың беделі және қадір-қасиетіне, абыройына көрінеу нұқсан келтіретін; көрсетілген тұлғаларға ар-намысын қорғауға, қадір-қасиетін және беделін сол көлемде және сол қаріппен жазылған және сол жерде орналастырылған жалған хабарлама немесе материалды жариялау мүмкіндігін теріске шығаруға құқылы. Теріске шығарылған көлемі, теріске шығарылған хабарлар немесе материал көлемі нен екі есе және одан артық болмауы керек.

Колледждің ақпарат құралдары барлық кандидаттар бойынша іс-шаралар туралы ақпаратты таратуға,  тең көлемде эфир уақыты, баспасөз бетінен орын бойынша сайлау комиссиясына оларды тіркеуге міндетті.

Колледждің ақпарат құралдары осы Ережеге сәйкес белгіленген тәртіп бойынша сайлауалды науқанның барысы және хабарлама туралы ақпаратты сайлау комиссиясының жариялауына дереу мүмкіндік береді.

3.6. Колледж әкімшілігі осы Ережеге сәйкес қандай да бір кандидатқа қолдаушы немесе қарсыларға сайлау алдындағы үгітті кедергісіз құқығында жүргізуге жастар қоғамдық бірлестіктеріне, студенттерге кепілдік береді.

3.7. Ережеге сәйкес белгіленген тіркеу мерзімі аяқталған кезден бастап және студенттік Парламент мүшелеріне кандидаттар үгіт науқаны аяқталғанға дейін, колледж ақпарат құралдарында өздерінің сайлауалды бағдарламалары бойынша үгіт және насихат жұмыстарын жүргізуге құқылы.

3.8. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу үшін ақпарат құралдарына қол жеткізу тең жағдайда кандидаттарға кепілдік беріледі.

3.9.Сайлау комиссиясы анықтаған сайлау алдындағы дебаттар өткізу тәртібі мен шарттары, тең болуы керек және сол немесе өзге кандидатқа басымдылық жасауға болмайды.

3.10. Кандидаттардың сөз сөйлеу кезегі бұқаралық ақпарат құралдарына жазбаша өтініштердің келіп түсу ретімен не,егер өтініштер бір мезгілде келіп түссе жеребе бойынша белгіленеді.

3.11. Колледж әкімшілігі кандидаттарға кездесулер өткізу үшін орын береді. Орын беру шарты барлық кандидаттар үшін бірдей және тең болуға тиіс.

3.12. Сайлау комиссиясы колледж әкімшілігімен бірлесе отырып, бөлінген орында кандидаттардың студенттермен кездесулер кестесін жасайды және оны колледждің  бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.

3.13. Колледж әкімшілігі сайлау комиссиясымен бірлесіп барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын және ол оларды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен орналастыру үшін орындарды айқындайды. Үгіт-насихат материалдарын барлық кандидаттар үшін тең құқықтар қамтамасыз ететін жағдайда ғана орналастырылады.

 

3.14. Студенттік Парламенткке кандидаттың сайлауалды бағдарламасы. Студенттік Парламентке Кандидат өзінің болашақ қызметі туралы сайлауалды бағдарламасымен таныстырады. Сайлауалды бағдарламасы оқу-тәрбие процесінің күшпен өзгерту идеясын, колледж қауіпсіздігін бұзу, әлеуметтік жағуға, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық алауыздықты қоздыруды, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты жарияламауы тиіс, сондай-ақ колледждің регламентінде көзделмеген қоғамдық бірлестіктер құруға жол берілмейді.

Аталған талаптар бұзылған жағдайда кандидатты тіркеуден бас тартуға сайлау комиссиясы құқылы, ал кандидат тіркелгеннен кейін мұндай сайлау алдындағы бағдарламаны ұсынса - кандидатты тіркеу туралы шешім жойылады.

3.15. Сенім білдірілген адамдар. Кандидаттар сенім білдірген адамдарының болуына хақылы, олар сайлау алдындағы үгітті жүргізеді, кандидаттардың мүдделерін білдіретін сайлау науқанын жүргізуге көмектеседі.

3.16. Үміткерлер өз қалауы бойынша сенім білдірген үш адамнан аспайтын адамдарды санын анықтайды және тіркеу үшін олар туралы сайлау комиссиясына хабарлайды.

Сенім білдірген адамдар ретінде кандидаттың ұсынылған адамдары сайлау комиссиясына өзінің сенім білдірілген адамы болуға келісетіні туралы өтініш ұсынады.

3.17. Сенімді тұлға колледж студенті болуы тиіс, сайлау комиссиясының мүшесі, колледж әкімшілігі қызметкері, оқытушы,  қызметкері болмауы тиіс.

3.18. Сайлау алдындағы үгітті тоқтату. Сайлау күні және оның қарсаңындағы сайлау алдындағы күні кез келген үгіт жүргізуге тыйым салынады. Дауыс беру үшін үгіттік сайлау комиссиясының ғимаратында және үй-жайлардың сыртына бұрын ілінген баспа үгіт материалдары, бұрынғы орындарында сақталуы мүмкін. Интернет желісіндегі бұрын орналастырылған үгіт-насихат материалдары, бұрынғы орындарында сақталуы мүмкін. Интернет-ресурстардың басты беттінде бұрын орналастырылған материалдарды шығаруға жол берілмейді.

4. Сайлау өткізу

 

4.1.  Студенттік Парламент мүшелеріне жасырын дауыс беру үшін дауыс беруге арналған үй-жайларда жеткілікті мөлшерде арнайы бөлінген кабиналарда жүргізілуі тиіс, сайлау бюллетеньдеріне орындар белгіленіп және осылайша дауыс беру жақындаған кезде оларға міндетті түрде дауыс беру үшін жасырын дауыс беруге арналған кабиналар арқылы  өтетіндей арнайы жәшіктермен  жабдықталуы тиіс. Бұл ретте байқаушыларға, сенім білдірілген адамдар өкілдеріне, ақпарат құралдары мен сайлау комиссиясы мүшелеріне сайлау жәшіктерін, сайлау үшін жасырын дауыс беруге арналған кабиналарға кіруі және шығуын бақылау мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

4.2. Үй-жайдағы дауыс беруші тұлғалар сайлау комиссиясы белгілеген ережелерін қатаң сақтауы керек. Сайлау комиссиясының төрағасы үй-жайдағы бір мезгілде дауыс беруші сайлаушылардың санын реттейді,  тәртіпке жауапты болады және осы Ереженің пунктін кім бұзса,  дауыс беруді өткізуге кедергі келтірген жағдайда кез келгеннен үй-жайдан кетуін талап етуге құқылы.

4.3. Дауыс беру күні арналған үй-жайда дауыс беруге қатысы жоқ бөтен адамдарды сайлау процесіне қатысуына тыйым салынады.

4.4. Дауыс беру кезінде тәртіпті қамтамасыз ету колледж әкімшілігіне жүктеледі. Колледж әкімшілігі өкілдері, дауыс беретін үй-жайда комиссия төрағасының шақыруымен ғана болуы керек және дереу оны тәртібін қалпына келтіргеннен кейін, не комиссия төрағасының өтініші бойынша міндетті түрде кетуі тиіс.

4.5. Дауыс беруді ашу. Студенттік Парламент мүшелерін сайлау бойынша дауыс беру күні сайлау комиссиясы дауыс беру басталғанға дейін бір сағат бұрын дауыс беру орынын ашуға кіріседі.

4.6. Сайлау комиссиясының төрағасы:

1) дауыс беру басталғанға дейін отыз минут бұрын комиссия мүшелерінің қатысуымен сайлау жәшіктерін, оларда сайлау бюллетеньдерін бар-жоғын, жәшіктердің бүтіндігін тексереді, дауыс беруге арналған жәшіктерді пломбалайды немесе мөр қойады;

2) сайлау бюллетеньдерін беруге жауапты комиссия мүшелерін анықтайды.

4.6. Дауыс беруді ұйымдастыру

1) Әрбір сайлаушы (таңдаушы) өзі дауыс береді.

2) Дауыс беру құқығын және сайлауда басқа адамдарға дауыс беру үшін жол берілмейді.

3) Дауыс беруге арналған бюллетеньдер сайлаушыларға сайлаушылар тізімдері негізінде сайлаушының жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну бойынша беріледі.

4) Сайлаушылар бюллетеньдерді алғандығы туралы тізімге қолдарын қояды.

5) Бюллетеньді (бюллетеньдерді) берген комиссия мүшесі оларға өзінің қолын қояды, сондай-ақ бюллетень (бюллетеньдер) алған тізімдегі сайлаушының тегінің тұсына қол қояды.

 Сайлау комиссиясының төрағасы мен хатшысының бюллетеньдер беруге құқығы жоқ.

4.7. Дауыс беруді өткізу. Сайлау бюллетеньдерін дауыс беруші жасырын дауыс беруге арналған кабинада толтырады. Оларды толтыру кезінде дауыс берушіден басқа кімнің болса да, қатысуына тыйым салынады.

4.8. Сайлаушы кандидаттың тегінің оң жағындағы бос шаршыға кез келген белгі соғады.

4.9. Бюллетеньде қарындашпен белгілер қою, сондай-ақ оған қандай да болмасын түзетулерге рұқсат етілмейді.

4.10. Толтырылған бюллетеньдерді дауыс беруге арналған жәшікке тастайды.

 

5. Дауыс беру қорытындыларын анықтау

 

5.1. Дауыс беру сайлау пунктіндегі дауыстарды санау. Студенттік Парламент мүшелерінің сайлау кезінде дауыстарды санау,  дауыс беру аяқталғаннан кейін басталады.

Үзіліссіз дауыс беру қорытындылары анықталғанға дейін дауыстарды санау сайлау комиссиясының мүшелері жүзеге асырады, осы Ережеге сәйкес дауыстарды санау кезінде қатысушы тұлғаларға жеткізуі тиіс. Дауыстарды санау уақыты басталған бастап үш сағаттан аспауға тиіс.

Үй-жайда дауыстарды санау жүргізетін дауыс беруге арналған үстелдер  барлық қатысушы тұлғалар жағына сайлау комиссиясы мүшелерінің іс-қимылына шолу ететіндей орналастырылады. Дауыстарды санау кезінде қатысатын сенім білдірілген адамдар мен байқаушылар бюллетеньдерде көзбен шолу белгілері қамтамасыз етілген жағдайларда дауыстарды санауға қашықтықтан бақылайды.

Санау кезінде сайлау бюллетеньдерін комиссия төрағасы немесе белгілі бір комиссия мүшесі қатысушыларға сайлау бюллетенін көрсетеді және сайлаушылардың өз еркін білдіруін жариялайды.

Бұл ретте әрбір кандидатқа бюллетеньдер және жарамсыз деп танылған сайлау бюллетеньдер бөлек қойылады.

5.2. Әрбір кандидатқа дауыстарды санау жүргізіледі. Дауыс беруге арналған жәшіктер сайлау комиссиясы комиссия төрағасы дауыс берудің аяқталғаны туралы жарияланғаннан кейін ашылуы тиіс. Дауыс беру аяқталғанға дейін жәшіктерді ашуға тыйым салынады.

Дауыс беру аяқталған соң бюллетеньдер салынған жәшіктерді ашқанға дейін сайлау комиссиясы сайлаушылардың тізімдері бойынша алған бюллетеньдер  есебін жүргізеді және олардың жалпы санын анықтайды. Сайлау комиссиясының төрағасы не оның орнындағы комиссия мүшесі санау нәтижелерін жария етеді және дауыс беру нәтижелерін хаттамаға енгізеді.

5.3. Жәшікті ашу алдында сайлау комиссиясы пайдаланылмаған барлық бюллетеньдерді санайды және жояды. Сайлау комиссиясы сайлаушылардың тізімдері бойынша анықтайды:

1) сайлаушылардың жалпы саны;

2) бюллетеньдер алған сайлаушылардың саны.

 

5.4. Дауыстарды санау нәтижелерін сайлау комиссиясы қарайды, оларға сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелері қол қояды және оны хаттамаларға түсіреді. Төраға болмаған жағдайда, сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары немесе сайлау комиссиясының хатшысы оның орнына хаттамаларға қол қояды.

Дауыс берудің нәтижелері туралы хаттамаларды қарындашпен және түрлі-түсті сиямен толтыруға, сондай-ақ оларға қандай да бір түзетулер жіберілмейді. Бұл ретте дауыс беру нәтижелерінің сандық мәні сөзбен жазылып қайталануы тиіс.

Хаттаманың көшірмесі жалпыға бірдей танысу үшін арнайы белгіленген жерде дереу ілінеді және үй-жайда екі күн бойы тұрады.

5.5. Студенттік Парламент мүшелігіне сайлау қорытындысы туралы хабарды сайлау өткізілген күннен бастап екі күннен кешіктірмей колледждің ақпарат құралдарында жариялайды.

6. Студенттік Парламенті мүшелігіне кандидаттарды тіркеу.

6.1. Сайлау комиссиясы осы Ережеге сәйкес белгіленген тәртіппен студенттік Парламент мүшелігіне кандидаттарды олардан жазбаша өтініш алғаннан кейін тіркеуді жүзеге асырады.

6.2. Сайлау комиссиясы студенттік Парламентке мүшелікке кандидаттарды ақпарат құралдарында жариялайды.



Автор: admin

Мақалада: -