Облыстық Байсейітов студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясы


«Рухани жаңғыру» бағдарламасы және Жастар жылы аясында

«Қазақстанның инновациялық даму саясатына қазіргі жастардың үлесі» атты

Облыстық Байсейітов студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция

ЕРЕЖЕСІ 

1. Жалпы ережелер

1.1. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның инновациялық даму саясатына қазіргі жастардың үлесі» атты Облыстық Байсейітов студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясы 2019 жылдың 22 - ші қарашасында Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжінде өтеді;

1.2. Конференцияға техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі оқу орындарының студенттері қатысады;

1.3. Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын тілдері.

 

2. Конференцияның мақсаты

2.1. Студенттердің ғылыми-шығармашалығын ұйымдастыру және басқару;

2.2. Қоғамдық сананы жаңғыртудың өзекті теориялық және практикалық мәселелерін талқылау;

2.3. Ақпараттық құзіреттіліктерін дамыта отырып, жобалау және зерттеу жұмыстары-ның деңгейін арттыру мақсатында тәжірибе алмасу;

2.4. Студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашып, дамыту және талантты, әрі дарынды студенттерді қолдау, интеллектуалды мүмкіндіктерін дамытуға ықпал ету.

 

3. Конференцияны ұйымдастыру және өткізу тәртібі

3.1. Конференция ұйымдастырушылары Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» КМҚК және Байсейітов Шыңын Бағындырушылар мектебі;

3.2 Конференция ұйымдастырушылары ұйымдастыру комитетін құрады, оның қызметінің ретін анықтайды;

3.3 Ұйымдастыру комитеті конференцияның мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыруға ықпал жасайды, конференцияны өткізу бойынша барлық ұйымдастыру жұмысын жүзеге асырады.

  

4. Конференция қатысушылары

4.1. Конференция қатысушылары техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі оқу орындарының 1,2,3,4 курс студенттері;

4.2. Конференция қатысушылары баяндамасымен секциялық отырыста сөз сөйлеуге құқылы.

4.3. Конференция қатысушылары мен жетекшілерінің барлық шығындары келушілер тарапынан қамтамасыз етіледі.

 

5. Конференцияға қатысу

5.1 Конференцияға қатысу үшін 2019 жылдың 18 қарашасына дейін колледждің bshbm@mail.ru электрондық мекен-жайына «Ғылыми-тәжірибелік конференцияға» белгі-сімен сұраным (Қосымша 1) және баяндама мәтінін жіберу қажет;

5.2 Конференция жұмысы күндізгі (өзінің ғылыми-зерттеушілік әрекетінің нәтижелері бойынша қатысушылардың жұрт алдында сөз сөйлеуі) нысанын ұсынады;

5.3 Бір мақала авторы ретінде екі адамнан артық бола алмайды;

5.4 Өз жұмысын ұсыну үшін қатысушыға 5-7 минут уақыт беріледі. Қатысушыларда өзімен бірге баяндамасының 2 (екі) данасы болуы қажет;

5.5 Конференцияға к

елесі бағыттағы жұмыстар қабылданады:

  • «Цифрлық технологиялар –жаһандық бәсекеге қабілеттілік» (IT және экономика бағыты);
  • «Ұлттық сана – мәңгілік ел кепілі» (Психология, социология бағыттары);
  • «Үш тұғырлы тіл – ұлт болашағы» (Лингвистикалық бағыт);
  • «Ұлы даланың – ұлы есімдері» (Тарихи-әдеби бағыт);
  •  «XXI ғасыр – нақты ғылымдар ғасыры» (Физика-математикалық, химия-биологиялық бағыт);
  • «Рухани жаңғыру – жастарға жарқын жол» (Жастар жылындағы жаңаша көзқарастар).

 

6. Конференцияға ұсынылатын материалдардың мазмұнына және ресімделуіне қойылатын талаптар

6.1 Баяндама мәтіні Microsoft Word бағдарламасында А4 (21х29,7 см) форматында басылу қажет, шрифті – Times New Roman, кегль – 14 (кесте ішіндегі жазбалар 10 шрифт) жоларалық интервал – 1,0, азат жол – 1,25 см. Жиектері – 20 мм. Мәтін көлемі – 4-5 беттен артық емес.

6.2 Беттің жоғары оң жағында қою қаріпті (полужирный) бас әріптермен баяндаманың тақырыбы жазылады, оның астында бір интервал аралықта жартылай майлы курсивпен автордың, қосалқы автордың тегі, келесі жолда оқу орынының атауы және мамандық, одан әрі бір интервалдан кейін – мақала мәтіні жазылады.

6.3 Мәтінде пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақала соңында көрсетіледі, төртбұрыш жақшада пайдаланылған әдебиеттерге сілтемелер жазылады, мысалы: [5].

6.4 Ұйымдастыру комитеті талапқа сәйкес келмейтін мақалаларды конференция жұмысына енгізбеу құқығын өзіне қалдырады.


7. Байланыс ақпараттары

 

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» КМҚК

Мекен - жайы: Семей қ., Шығыс Қазақстан облысы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 14 А

Е-mail: bshbm1996@mail.ru

Instagram: bayseitov_intellectual_school

Телефон: +77071488988; +77024569910;

                  522420; 521330

 Қосымша 1

 

Ғылыми – тәжірибелік конференцияға қатысу үшін

СҰРАНЫМ

Студенттің Т.А.Ж. (толық)

 

Облысы

 

Қала (Аудан)

 

Оқу орны

 

Курс, мамандық

 

Жетекшінің аты жөні (толық)

 

Байланыс телефондары

 

Электрондық адрес

 

Бағыты (секция)

 

Баяндама тақырыбы

 

 



Автор: admin

Мақалада: -