Облыстық «Саналы ұрпақ-мәңгілік ел болашағы» форумы


Іс- шара өзектілігі:

2020 жылдың  21-ақпанында  Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен «Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» КМҚК  «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы, еріктілер жылы және Ұлы Абайдың 175 жылдығы аясында облыстық «Саналы ұрпақ-мәңгілік ел болашағы» форумы өткізілді. Форум барысында жастардың бойында адамгершілік, парасаттылық  қасиетті,  адалдық пен мәдениеттілік және әділдік принциптерін қалыптастыру және олардың заңды мүдделері мен еркіндіктерін,құқықтарын сыбайлас жемқорлықтан қорғауды қамтамасыз ету.

Форум  Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі базасында  өтіп, іс-шараға 29 колледжден  250 студент қатысты. Форумды Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының  тәрбие бойынша  бас маманы  Ильясова Гульмира Бейсенбаевна құттықтау сөзімен ашты. Сонымен қатар Семей қаласы  ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ыдырышева Гұлнұр Ниязбекқызы, Семей  қаласы жастар ресурстық орталығының директоры  Соғымбай Олжас Амангелдіұлы қатысты.

Форумға қатысушылар: облыстық техникалық және  кәсіптік білім беру  мекемелерінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен білім алушылары.

 Өткізілетін форум  адал ұрпақты тәрбиелеу  мен сыбайлас жемқорлық, пара зияны  болдырмау мен  алдын- алу шараларын ұйымдастыру бағытында ықпалдаса жұмыс істеуді көздейді.

Басталуы: 21 ақпан, сағат 09.00

Іс- шара

Қысқаша түсініктеме

1

Қатысушыларды тіркеу

Қонақтарды тіркеу

2

 

Ашылу

 

«Абайға адалдық» дүкенінің ашылу

Форум ашылуы

Презентациялық отырыстар. Модераторлар

«Саналы ұрпақ» кабинетінің ашылуы

3

 

Секция жұмысы

 

Форум секцияларының  жұмысы (3 секция-брифинг, семинар-тренинг, іскер ойын)

4 секция «Спорттық шара», спорт залы

4

Қорытынды

Қатысушылар мен сарапшылардың қорытынды сөздері. Форум резалюциясы,марапаттау.

 Орны: Семей қаласы,  Қайым Мұхамедханов  көшесі 14 («Рымбек Байсейітов атындағы семей қаржы-экономикалық колледжі» КМҚК акт залы).



Автор: admin