Емтихан өткізу/дипломдық жобаларды қорғау ережелері
- Дипломдық жобаларды қорғауды өткізу үшін on-line режимінде білім беру ұйымында қорытынды аттестаттау комиссиясы құрылады және колледж директорының бұйрығымен бекітіледі.
- Қорытынды аттестаттау комиссиясының құрамы 65% - әлеуметтік серіктестер, 35% колледж өкілдері.
- Дипломдық жобаларды қорғаудың барлық кезеңі Google meet платформасы арқылы өтеді
- 16 IS-IX, 16 VT-IX-1, 16 VT-IX-2, 17 VT-XI, 17 IS-XI топтарына 05 маусым 2020 күні сағат 14.00 де дипломдық жобаны қорғау процессі бойынша вебинар өткізіледі. Жауапты тұлғалар: Мухтарова М.Н., Капашева Ш.М, Мұқанов А.Қ.
- Дипломдық жобаны қорғау басталғанға дейін бір күн бұрын яғни 07 маусым 2020 ж күні сағат 14.00 де студенттерді хатшымен тесттік қосу жүргізіледі.
- Белгіленген уақытта студенттер мен техникалық жауапты тұлғалар қосылады және қатысушыларды түгендейді.
Дипломдық жобаны өткізу:
1. Білім алушылар мен комиссия мүшелерін бейне сессияға қосу дипломдық жобаларды қорғау басталғанға дейін 1 сағат бұрын жүзеге асырылады.
2. Студент идентификация үшін иық деңгейінде өзінің жеке куәлігін көрсетуі тиіс.
3. Дипломдық жобаны қорғау үшін білім алушы өз жұмысын электронды түрде дайындайды, оны "экранды көрсету" режимінде ұсынады.
4. Дипломдық жобаны қорғау презентация түрінде өтеді, онда жобаның тақырыбы, жалпы сипаттамасы және т.б. көрсетілген. Ауызша сөйлеуді және қосымша сұрақтарға жауаптарды қоса алғанда, бір білім алушыға қорғауға арналған жалпы уақыт 15 минуттан аспайды.
5. Дипломдық жобаларды қорғаудың барлық процедуралары бейнеге жазылады.
6. Қорытынды бағалар колледж сайтында орналастырылады.
Емтиханды өткізу:
- Емтихан өткізу үшін on-line режимінде білім беру ұйымында қорытынды аттестаттау комиссиясы құрылады және колледж директорының бұйрығымен бекітіледі.
- Қорытынды аттестаттау комиссиясының құрамы 65% - әлеуметтік серіктестер, 35% колледж өкілдері.
- Қорытынды аттестаттаудың барлық кезеңі Google meet платформасы арқылы өтеді.
17 КО-1, 17 КО-2, 17 КО-3, 17 EA, 17 Q топтарында 01 маусым 2020 күні сағат 14.00 де қорытынды аттестаттауды өткізу процессі бойынша вебинар өткізіледі. Жауапты тұлғалар: Мухтарова М.Н.,Капашева Ш.М,Сагимбаева М.А, Мұқанов А.Қ.
Қорытынды аттестаттауды өткізу:
1. Білім алушылар мен комиссия мүшелерін бейне сессияға қосу емтихан басталғанға дейін 1 сағат бұрын жүзеге асырылады.
2.Білім алушы емтихан тапсырар алдында веб-камераға жеке куәлігін көрсетеді, аты-жөні, тобын атайды.
3. Тест тапсырмаларын беру тестке сілтеме жіберу арқылы жүзеге асырылады.
4. Тест жауаптары экранды көрсету режимінде жүргізіледі.
5. Тестілеу аяқталғаннан кейін, экранға электрондық ведомость шығарылады, ал хатшы экранның скриншотын жасайды және жауаптарды сақтайды.
6. Қорытынды бағалар колледж сайтында орналастырылады.