«Колледждің кәсіптік бағдарлауына арналған жарнамалық баннер әзірлеу»
тақырыбында ТжКББ жүйесіндегі оқу орындарының студенттері
арасында өткізілетін «Үздік компьютерлік дизайн және графика»
МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ САЙЫСЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
«Үздік компьютерлік графика және дизайн» Мемлекетаралық сайысы Қазақстандағы Жастар жылы аясында өткізіледі.
Өткізу мерзімі: 20 қараша, 2019 жыл.
Өткізу орны: «Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» КМҚК.
Қатысушылар: Сайысқа техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі оқу орындарының студенттері қатысады. Сайысқа қатысу үшін сайыс ұйымдастырушыларына 2019 жылдың 08 қарашасына дейін өтінім жіберу керек (Қосымша 1).
2. САЙЫС ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАРЫ
2.1. Сайысты ұйымдастыруды және өткізуді Ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады.
2.2. Ұйымдастыру комитеті құрамына «ШҚО ТжКББ және КД орталығы» КММ әдіскерлері, Бағдарламалық қамтамасыз ету және ақпараттық жүйелер бойынша Шығыс Қазақстан облыстық ӘК төрайымы кіреді.
2.3. Ұйымдастыру комитеті сайысты өткізу Ережесін әзірлейді, сайыстың өткізілуіне жалпы жетекшілік жасайды, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді, сайыс номинациялары бойынша тәуелсіз эксперттерден тұратын әділқазылар алқасын тағайындайды.
Әділқазылар алқасының құрамы:
- «ПОЛИМЕД» жарнамалық-өндірістік фирмасының директоры - Бережная Алеся Владимировна;
- Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ақпараттық-коммуникациялық технологиялар факультетінің деканы, PhD докторы-Шайханова Айгуль Кайрулаевна;
- «Исманкулова Медина» ЖК жетекшісі, дизайнер - Исманкулова Медина Айбековна;
- «Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» КМҚК директорының ақпараттық технологиялар бойынша орынбасары - Жунисжанов Бағнұр Бахытқазыұлы.
- «Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» КМҚК арнайы пәндер оқытушысы – Сағымбаев Аян Бақытұлы.
3. САЙЫС МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
3.1 Сайыстың мақсаты: студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияларды тәжірибелік қызметте қолдануға белсендіру.
3.2 Сайыс міндеттері:
- ақпараттық технологиялар саласында шығармашылық қызметті ынталандыру;
· қатысушылардың компьютерлік графика құралдарымен жұмыс істеу дағдыларын меңгеруі;
· өзіндік шығармашылық қызметке қызығушылықты арттыру;
· білім беру және тәжірибелік іс-әрекетте компьютерлік бағдарламаларды пайдалануға қызығушылықты жоғарылату;
· компьютерлік графиканың заманауи бағыттарын насихаттау;
· студенттердің шығармашылық жетістіктерін насихаттау;
· студенттердің көркем мәдениетін арттыру;
· дарынды жастарды қолдау.
4. САЙЫСТЫ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ
4.1. Сайыс кезеңдері
Сайыс 2 турдан тұрады: сырттай (іріктеу туры) және негізгі тур (студенттердің қатысуы).
I тур (сырттай).
2019 жылдың 18 қазанынан 08 қараша аралығында өткізіледі.
Үй тапсырмасы: Колледждің кәсіптік бағдарлауына арналған жарнамалық баннер әзірлеу. Жарнамалық баннер өлшемдері: ені – 250 см, биіктігі – 150 см.
Үй жұмысы графикалық плакат түрінде дайындалады және бағалауға жіберіледі.
4.2. Сырттай (іріктеу) турына қатысу үшін:
- өтінімді (қосымша 1) ajmorbi@mail.ru электронды поштасына, немесе Семей қ., Қайым Мұхамедханов к., 14 үй (807 кабинет) мекен-жайы бойынша тапсырыс (қосымша 1) жіберу керек;
- орындалған сайыс жұмысын келесі электронды поштаға жіберу керек: ajmorbi@mail.ru;
- файл атауында қатысушының тегін көрсету қажет;
- жұмысты көрсетілген мекен-жай бойынша 08.11.19 күнінен кешіктірмей жіберу қажет. Ескерту: II турға өткендігі туралы ақпараттық хат қатысушының электронды поштасына жіберіледі.
Ұйымдастырушылар жіберілген жұмыстарды коммерциялық емес мақсатта қолдануға құқылы екендігін ескертеді!!!
4.3. Әр қатысушы тек бір ғана жұмыс ұсына алады.
4.4. Жұмыстар Windows операциялық жүйесі орнатылған дербес компьютерлерде көруге жарамды болуы керек.
4.5. Барлық жұмыстар қандай да бір қосымша бағдарламаны орнатуын талап етпеуі керек.
4.6. Барлық жұмыстардың түпнұсқалық файлы және қосымша *.jpg, *.png кеңейтілуіндегі файлдармен жіберілуі тиіс.
4.7. Стандартты емес қаріптер қолданылған жағдайда олар Сіздің жұмысыңызбен бірге «Fonts» бумасында ұсынылуы керек.
4.8. Файлдарды көру ішкі медиа құралдармен жүзеге асуы керек және қосымша бағдарламалық құралдарды орнатуды қажет етпеуі тиіс.
II тур (студенттердің қатысуы).
4.9. II турға І турдың қорытындысы бойынша максималды ұпайдың 50 пайызынан жоғары ұпай алған қатысушылар өтеді (максималды ұпай - 9).
II кезең қатысушыларын тіркеу 2019 жылдың 20 қарашасында сағат 8-30-да «Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» КМҚК базасында өтеді.
II тур екі кезеңнен тұрады:
1 кезең. Квалификациялық тапсырманы орындау. Сайысты өткізу кезінде әр қатысушы тапсырманы компьютерде орындайды. Квалификациялық тапсырманы орындауға берілетін уақыт: 30 минут.
Ескерту: қатысушы ұйымдастырушылар берген дайын суретті Интернет ресурстарын және басқа дайын суреттерді қолданбай өзі салуы тиіс.
2 кезең. II турға өткен қатысушылардың үй жұмысын ұсынуы (қатысушыға өз жұмысын қорғауға 2 минут беріледі). Қорғау кезінде жұмыс атауын, оның мақсаттарын, ұсынылған композицияның қысқаша сипаттамасын, түстерді таңдауын көрсетіп, орындау техникасына сипаттама беруі қажет. Сонымен қатар, сұрақтарға берілген жауаптар да бағаланады.
5. ЖҰМЫСТАРДЫ БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ
5.1. Бағалаудың жалпы критерийлері:
- берілген тақырыпқа сәйкестігі;
- жұмыстың жаңашылдығы, ерекшелігі – тақырыпты ашудағы жұмыс ерекшелігі, жұмыс идеясының тереңдігі, көркемдік, шығармашылық ойлаудың даралығы, қолданылатын құралдардың ерекшелігі бағаланады;
- жұмыстың техникалық орындалуының сапасы мен күрделілігі – қолданылған құралдарды таңдаудың тиімділігі және ұтымдылығы бағаланады.
Ескерту: барлық критерийлер үш баллдық шкала бойынша бағаланады:
0 – жоқ
1 – іс-жүзінде байқалмайды
2 – жартылай бар, әрдайым тиімді емес
3 – толық деңгейде қамтылған, ұтымды қолданылған
5.2 Квалификациялық тапсырманы бағалау критерийлері
Әр қатысушы біліктілікті анықтау тапсырмасын жеке орындайды.
Критерийлер:
- орындау дәлдігі
- құралдарды таңдау тиімділігі
- орындау уақыты.
6. МАДАҚТАУ ТӘРТІБІ
Мадақтау жеке есепте жүргізіледі. Сайыс жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ орын дипломадарымен, «Үздік дизайн», «Ең ерекше жұмыс», «Үздік композиция», «Ең ақпараттандырылған жұмыс» номинациялары бойынша мадақтамалармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
7. БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ
Мекен-жай: 071400 Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов, 14, каб.807, тел. 87470520185, 87058405017.
«Рымбек Байсеитова атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» КМҚК
Сайт: http://www.sfek.kz/
Телефон: 87470520185, 87058405017.
Координаторлар: Амежанов Жасулан Жасболатович, Мукушева Ляззат Абдикаримовна, арнайы пәндер оқытушылары, e-mail: ajmorbi@mail.ru