«Мұғалімдер мен тәрбиешілерді негізсіз тексерулерден, қажетсіз жұмыстардан босату керек. Оларға бұл үшін ешкім ақша төлемейді. Олар ол тапсырмамен жұмыс істеп, дайындалуы керек қой, ал үшін мұғалімдерге ешқандай қаражат төленбейді» деген Ел басы пікіріне ұстаздар қауымы өз тараптарынан пікір қосты.
"Бала- бақша тәрбиешілері мен ұстаздар қауымының жұмыстарын өз кезегімен,тәртіп бойынша тексерсе, болып жатқан алуан түрлі іс-шаралардың өз мамандығына ғана қатысы бар шараларға жіберсе құба-құп болар еді.Қазақстанның әрбір азаматы мен азаматшасы өз елінің патриоты болуы керек деп ойлаймыз,"
«Келесі жылы «Мұғалім мәртебесі туралы» заң әзірлеп, қабылдау қажет деп есептеймін"-деген пікірге колледж оқытушылары ұстаз мәртебесі қай ғасырдан бері жоғары болған, ата-ана мен бала, жалпы қоғамда ұстаз мерейі мен беделі үстем болуы шарт. Жанұяда, қоғамда берілген тәлім -тәрбие ұатаз беделін өсіруі шарт.
Сонымен қатар, елбасы жоғары оқу орындарында оқыту сапасына қойылатын талаптардың артатын айтты.
«Жоғарғы оқу орындарында білім беру мекемелеріндегі оқыту сапасына қойылатын талаптар артады. Біз грант санын көбейттік, енді жауапкершілікті арттыру уақыты келді. Университеттің табыстылығын бағалаудың негізгі критерийі – бітіргеннен кейін түлектерді жұмысқа орналастыру және олардың жоғары ақы төленетін жұмыс орындарында жұмыс істеуі. Сондай-ақ, елімізде жоғары оқу орындарын біріктіру саясатын жүргізу қажет. Білім нарығында тек жоғары сапалы білім беретін университеттер ғана қалуы керек. Әлемдегі жетекші университеттермен серіктестік қарым-қатынастарды дамыту, Назарбаев университетінің тәжірибесі бойынша ең үздік шетелдік жетекшілерді жұмысқа тарту маңызды»,-деген елбасы пікіріне бір ауыздан қосылды. Әр мемлекеттің болашағы білімді ұрпағы. Атам қазақ "Білімді мыңды жығады,білекті бірді жығады" деген өмір ұстанымынан алынған нақыл сөзі соның дәлелі.
Жас ұрпақтың ой санасын білім нәрімен сусындатып,арманын қияға шарықтатып ұшырсақ мәртебеміз бен мерейіміздің үстем болғаны.