Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының
«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» КМҚК
«Рымбек Байсейітов атындағы Семей
қаржы-экономикалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына
2020-2021 оқу жылына
ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУДЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ
Семей қаласы
|
|
БЕКІТЕМІН Қабылдау комиссиясының төрағасы «Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы -экономикалық колледжі» КМҚК-ның директоры _______ Д.С. Арғынғазин «____»_________ 2020 ж. |
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» КМҚК-на (бұдан әрі - Колледж) оқуға қабылдаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18қазандағы № 578 бұйрығына сәйкес әзірленді және техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын колледжде оқуға қабылдау тәртібін анықтайды.
2. Колледжге негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ білім туралы құжатымен (куәлік, аттестат) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдар қабылданады.
3. Колледжге оқуға түсу кезінде адамдарды қабылдауға квота көзделеді:
1) I, II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек-балалар арасынан шыққан азаматтар үшін;
2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін;
3) ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқуға ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін;
4) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін;
5) жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасын жоғалтқан немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын;
6) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары.
4. Түсу емтихандарын тапсыру нысанын колледж белгілейді.
4-1. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда түсу емтихандары жүргізілмейді.
2-тарау. Колледжге оқуға қабылдау тәртібі
5. Колледжде тұлғалардың оқуға өтініштерін қабылдау үшін, түсу емтихандарын өткізу және білім алушылар құрамына қабылдау кезеңінде колледж басшыларының бұйрығымен күнтізбелік жылғы 1 маусымнан кешіктірмей қабылдау комиссиясы құрылады, ол тақ саннан тұрады. Қабылдау комиссиясының құрамына жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың, жұмыс берушілердің, қоғамдық ұйымдардың және білім беру ұйымдарының өкілдері кіреді. Қабылдау комиссиясының құрамынан оның мүшелерінің көп дауысымен төраға сайланады. Қабылдау комиссиясының шешімі егерде отырыста оның құрамының үштен екі бөлігі қатысқан жағдайда заңды болып табылады. Дауыс тең болған жағдайда қабылдау комиссиясының басшысының шешімі негізгі шешім болып табылады. Хатшы қабылдау комиссиясының мүшесі болып табылмайды.
5-1. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда қабылдау комиссиясының жұмысын колледж ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып жүргізеді.
6. Колледждіңқабылдау комиссияларының өңірлерге барып тұлғаларды оқуға қабылдау жұмысын ұйымдастыру мәселелері білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органның келісімі бойынша шешіледі.
7. Білікті жұмысшы кадрларды даярлау үшін колледжге тұлғаларды білім алуға қабылдау олардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.
Тұлғаларды орта буын мамандарын, қолданбалы бакалаврларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша колледжге білім алушылар құрамына оқуға қабылдау тұлғалардың өтініштері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.
8. Колледжге оқуға азаматтардың өтініштерін қабылдау:
- орта буынжәне қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды
көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 25 тамызы аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында.
- орта буын және қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды
көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқудың сыртқы нысанына осы колледждің күндізгі нысанының 1 (бірінші) курсын аяқтаған білім алушылар үшін күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында.
3) білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 27 тамызы аралығында, оқудың кешкі нысанына күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында жүзеге асырылады.
- Оқуға қабылдау мемлекеттік білім беру тапсырысы және келісімшарт
(ақылы) бойынша төмендегідей мамандықтар бойынша жүзеге асырылады:
0516000 «Қаржы» (салалар бойынша)
0518000 «Есеп және аудит» (салалар бойынша)
1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру (түрлері бойынша)»
1305000 «Ақпараттық жүйелер (қолдану салалры бойынша)»
0104000 «Кәсіптік білім беру (салалар бойынша)»
10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы колледжге (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) не "электрондық үкімет" веб-порталына (бұдан әрі - портал) жүгінеді және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес құжаттар топтамасын ұсынады.
Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшағасәйкес стандартта келтірілген.
Оқуға түсетін құжаттарды оқуға түсушінің жеке өзі немесе оның заңды өкілдері ұсынады.
Қабылдау квотасы қарастырылған колледжге оқуға түсуші тұлғалар санатты растайтын құжаттарын ұсынады.
10-1 Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттар топтамасын қабылдауды, тіркеуді және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қабылданғаны туралы қолхат беруді өтініш келіп түскен күні жүзеге асырады не көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданыс мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.
10-2. Құжаттарды портал арқылы тапсырған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуге сұраныстың қарастырылу мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтінішті түскен күні тіркейді және оны жауапты құрылымдық бөлімшеге орындау үшін жолдайды. Өтініш жұмыс уақытынан кейін, демалыс және мерекелік күндері түскен жағдайда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күнімен тіркеледі.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты қызметкері қағаз жеткізгіште немесе құжаттарды портал арқылы ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" осы Қағидаларға4-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қарастырудан дәлелді бас тарту туралы жауап жолдайды.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына құжаттардың қабылданғаны туралы хабарламаны осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жолдайды.
10-3. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабының 2-тармағының11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.
10-4. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
11. Оқуға түсушілерден түскен өтініштер колледждің тіркеу журналдарына оқытудың нысандары бойынша тіркеледі.
12. Колледжгеерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғаларды қабылдау психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Түсу емтихандарына қатысу үшін мүгедек балалар және мүгедектер (көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған) "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама ұсынған кезде, қажет болған жағдайда, мемлекеттік комиссия төрағасының атына:
1) жеке аудитория ұсыну;
2) көру, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мүгедек балалар мен мүгедектерге арналған түсу емтиханы шеңберінде тапсырылатын пәндердің мұғалімі болып табылмайтын көмекшінің және (немесе) есту қабілеті бұзылған мүгедек балалар мен мүгедектер үшін ымдау тілін білетін маманның қажеттілігі туралы еркін нысанда қосымша өтініш бере алады.
13. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсу үшін түсу емтихандары:
орта буын мамандарын даярлау үшін және:
1) негізгі орта (жалпы негізгі) білімі бар оқуға түсушілер үшін - негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары көлемінде екі пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі және мамандық бейіні бойынша пән);
2) мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін әңгімелесу түрінде өткізіледі;
орта буын, қолданбалы бакалавр мамандарын даярлау үшін және:
1) жалпы орта білімі бар оқуға түсушілер үшін үш пән (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән) бойынша;
2) мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар оқуға түсушілер үшін мамандықтың бейінді пәні бойынша өткізіледі.
Конкурс колледж өткізген түсу емтихандарының нәтижелері бойынша алынған баллдар (бағалар) негізінде өткізіледі.
Түсу емтихандары бекітілген кестеге сәйкес өткізіледі. Кестені түсу емтихандарының өтетін күні мен уақытын, орнын көрсете отырып колледж басшысы (3) жұмыс күнінен кешіктірмей емтихан өткізерден алдын бекітеді және оны ақпараттық стендтермен колледждің интернет ресурстарында орналастырады.
Білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілерге арналған түсу емтихандары әңгімелесу нысанында өткізіледі. Түсу емтихандарын және әңгімелесуді өткізу кезеңінде аудио-бейнежазба жүргізіледі.
Қабылдау комиссиясы оқуға түсушімен тиісті бағыттар бойынша жеке әңгімелесуді жүргізеді.
Қабылдау комиссиясы әр оқуға түсушімен әңгімелесуді 20 минуттан артық жүргізбейді.
Әңгімелесуге арналған сұрақтар тізбесін қабылдау комиссиясының басшысы бекітеді.
Түсу емтихандарының қорытындылары ақпараттық стендтерде және колледждің интернет-ресурстарында түсу емтихандарын өткізген күні орналастырылады.
13-1. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда қабылдау комиссиясы күнтізбелік жылдың 20 маусымынан бастап білім туралы құжатқа сәйкес міндетті және бейіндік пәндер бойынша бағалардың жиынтық балын көрсете отырып, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 8-тармағына сәйкес қабылдау квотасы көзделген талапкерлер мен тұлғалардың тізімдік құрамын колледждің сайтында қалыптастырады және оның күн сайын жаңартылуын қамтамасыз етеді.
Орта буын мамандарын және қолданбалы бакалаврларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілер үшін білім алушылар құрамына қабылдауға арналған конкурс білім туралы құжатқа сәйкес міндетті және бейінді пәндердің жиынтық балының нәтижелері бойынша өткізіледі.
Бағалардың жиынтық балы:
негізгі орта білімі бар (9-сынып) оқуға түсушілер үшін – үш пән бойынша бағалар: міндетті пән (қазақ тілі немесе орыс тілі) және мамандық бейіні бойынша екі пән бойынша;
жалпы орта білімі бар (11-сынып) түсушілер үшін – төрт пәннің бағасы: міндетті пән (қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы) және мамандық бейіні бойынша екі пән;
мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар түсушілер үшін – төрт пәннің бағасы: міндетті пән.
Мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін – білім туралы құжаттың (диплом) орташа балы.
Басқа елдің білім туралы құжаты бар тұлғалар үшін білім туралы құжатта осы Қағидаларға 5-қосымшада көрсетілген міндетті және бейінді пәндер болмаған жағдайда міндетті және бейінді пәндер тізбесін білім беру ұйымдарының қабылдау комиссиялары белгілейді.
Оқуға түсушілердің жиынтық балы тең болған жағдайда бірінші кезекте білім туралы құжаттың орташа балы және (немесе) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 8-тармағына сәйкес қабылдау квотасы көзделген тұлғалардың санаты ескеріледі.
Оқуға түсушілердің саны мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға бөлінген орындардан асып кеткен жағдайда білікті жұмысшы кадрларды даярлау үшін білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау білім туралы құжатқа сәйкес міндетті және бейінді пәндер бойынша бағалардың жиынтық балы негізінде жүзеге асырылады.
Қабылдау квотасының мөлшері «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 264 қаулысымен бекітілген.
Оқуға түсушінің қабылдау квотасы көзделген тұлғаларға тиесілілігін растайтын құжаттар білім беру ұйымының қабылдау комиссиясына оқуға қабылдау жөніндегі қорытынды отырысқа дейін ұсынылады.
14. Орта буын және қолданбалы бакалаврмамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін адамдар үшін оқудың күндізгі нысанына түсу емтихандары күнтізбелік жылдың 1 тамызы мен 27 тамызы аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына күнтізбелік жылдың 1 тамызы мен 28 қыркүйек аралығында өткізіледі.
Білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін тұлғалар үшін оқудың күндізгі нысанына түсу емтихандары күнтізбелік жылдың 1 тамызы мен 29 тамызы аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына күнтізбелік жылдың 1 тамызы мен 25 қыркүйегі аралығында өткізіледі.
Түсу емтихандарын өткізу кезінде:
1) тестілеу нысанында әрбір пән бойынша тестілеу тапсырмаларының (сұрақтарының) саны – 25; әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1 балмен бағаланады; үш пән бойынша тестілеуге – 2 сағат 15 минут, ал екі пән бойынша – 1 сағат 30 минут беріледі; дұрыс жауаптар коды тестілеу аяқталғаннан кейін дереу ілінеді; тестілеу нәтижелері ол өткізілген күні хабарланады;
2) пәндер бойынша емтихандар нысанында түсу емтихандарының нәтижелері бойынша алынған "3", "4", "5" бағаларын қабылдау комиссиясы мынадай шәкіл бойынша: "3" – 8 балға, "4" – 17 балға, "5" – 25 балға алмастырады.
15. Колледжге түсу емтихандары түсушілердің өтінішіне сәйкес қазақ немесе орыс тілдерінде өткізіледі.
16. Түсу емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
17. Техникалық және кәсіптік білімнің мамандық бейіні бойынша жалпы білім беретін пәндердің тізбесі:
Техникалық және кәсіптік білім мамандығының коды |
Мамандықтың атауы |
Бейіндік пән атауы |
|
Негізгі орта білім (жалпы негізгі) |
Орта білім (жалпы орта) |
||
0500000 - Қызмет көрсету, экономика және басқару |
|||
0516000
|
«Қаржы» (салалар бойынша) |
математика |
математика |
0518000
|
«Есеп және аудит» (салалар бойынша) |
математика |
математика |
1300000 – Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технология. Электрондық техника |
|||
1304000
|
Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)
|
математика |
математика |
1305000
|
Ақпараттық жүйелер (қолданылу саласы бойынша) |
математика |
математика |
0100000 –Білім беру |
|||
0104000
|
Кәсіптік білім беру (салалар бойынша) |
математика |
математика |
17-1. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтарының бейіні бойынша жалпы білім беретін пәндердің тізбесі осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес айқындалады.
18. Қабылдау конкурсын өткізу кезінде осы Қағидалардың 14 тармағына сәйкес баллдар сомасы ескеріледі.
19. Колледжде бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және түсу емтихандар нәтижелерін бағалау кезіндегі даулы мәселелерді шешу, оқуға түсушілердің құқығын қорғау мақсатында колледж басшысының бұйрығымен апелляциялық комиссия құрылады. Апелляциялық комиссия мүшелері тақ санынан тұрады. Апелляциялық комиссия мүшелері тесттік пәндер бойынша колледждегі педагогикалық қызметкерлердің санынан құрылады. Бір тестілеу пәні бойынша педагогикалық қызметкерлердің саны кемінде екі адамнан құрылады. Апелляциялық комиссия мүшелерінің құрамынан оның мүшелерінің көп дауысымен басшы сайланады. Хатшы аппеляциялық комиссияның мүшесі болып табылмайды.
19-1. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда апелляциялық комиссия қорытындылары бойынша конкурстың нәтижелерін қарайды.
20. Түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген тұлға апелляцияға шағым береді.
Апелляцияға өтініш апелляциялық комиссияға түсу емтихандарының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін беріледі және апелляциялық комиссиямен өтініш оны берушісінің қатысуымен бір жұмыс күні ішінде өтініш берген күннен бастап қаралады.
20-1. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда конкурс нәтижелерімен келіспеген тұлға апелляцияға өтініш береді.
21. Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа қатысушылардың көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және барлық қатысушы апелляциялық комиссия мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.
22. Орта буын,қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау:
1) оқудың күндізгі нысанына - күнтізбелік жылдың 25 тамызы мен 31 тамызы аралығында;
2) оқудың кешкі және сырттай нысанына - күнтізбелік жылдың 15 қыркүйегі мен 30 қыркүйегі аралығында өткізіледі.
Білікті жұмысшы кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау:
1) оқудың күндізгі нысанына - негізгі орта немесе жалпы орта білімі туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағалары, әңгімелесу нәтижелері ескеріле отырып іріктеу негізінде күнтізбелік жылдың 25 тамызы мен 31 тамызы аралығында;
- оқудың кешкі және сырттай нысанына - негізгі орта немесе жалпы
орта білімі туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағалары, әңгімелесу нәтижелері ескеріле отырып іріктеу негізінде күнтізбелік жылдың 15 қыркүйегі мен 30 қыркүйегі аралығында өткізіледі.
22-1. Оқуға түсушілердің саны мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға бөлінген орындардан асып кеткен жағдайда білікті жұмысшы кадрларды даярлау үшін колледжге оқуға қабылдау бағалардың жиынтық балы негізінде жүзеге асырылады.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының қатысушыларын оқуға қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 қарашадағы № 646 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №17800 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
23. Орта буын,қолданбалы бакалаврмамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру ұйымдарына қабылдау мамандықтар, оқыту тілі бойынша қабылдау комиссиясының ашық отырыстарында жүргізіледі.
Білім алушылар құрамына қабылдау конкурсына қатысуға жіберілмейді:
1) негізгі жалпы білім алғандар үшін екі пәннен:қазақ (орыс) тілі және математика, келесідей білім, құқық, экономика мамандықтары бойынша (9 сынып):
0516000 «Қаржы» (салалар бойынша) –16 балдан кем;
0518000 «Есеп және аудит» (салалар бойынша)- 16 балдан кем;
1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық
қамтамасыздандыру(түрлері бойынша)» - 16 балдан кем;
1305000 «Ақпараттық жүйелер (қолдану салалары бойынша)»
- 16 балдан кем жинағандар жіберілмейді.
2) жалпы орта білім алғандар үшін үш пәннен: қазақ (орыс) тілі, Қазақстан тарихы және математика, келесідей білім, құқық, экономика мамандықтары бойынша (11 сынып):
0516000 «Қаржы» (салалар бойынша) – 24 балдан кем;
0518000 «Есеп және аудит» (салалар бойынша) - 24 балдан
кем;
0104000 «Кәсіптік білім беру (салалар бойынша)» -24 балдан
кем;
1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық
қамтамасыздандыру (түрлері бойынша)» - 24 балдан кем;
1305000 «Ақпараттық жүйелер (қолдану салалары бойынша)» - 24балдан кем жинағандар жіберілмейді.
24. Қабылдау комиссиялары оқуға түсушілерді қабылдау нәтижелері туралы ақпаратты орта буын және қолданбалы бакалаврмамандарын даярлауды көздейтін оқудың күндізгі нысанына күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін, білікті жұмысшы кадрларды даярлау - күнтізбелік жылдың 10 қыркүйегіне дейін, сырттай және кешкі оқу нысандарына күнтізбелік жылдың 30 қыркүйегіне дейін ақпараттық стенділерге немесе колледждің интернет-ресурстарына жариялау арқылы оқуға түсушілердің назарына жеткізеді.
25. Білім алушылардың ақылы топтарда оқу ақысы жыл сайын 80 айлық есептік көрсеткшін (АЕК) құрайды. АЕК мөлшерінің жылдық өзгерісі оқу ақысының толық кезеңіне әсер етпейді.
Кейінгі курстарда оқыту оқуға түскен кездегі АЕК мөлшері бойынша оқу ақысы төленеді.
Қосымша №1
«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-
экономикалық колледжі» КМҚК-на
2020-2021 оқу жылына оқуға қабылдаудың Қағидаларына
Күндізгі оқу нысаны бойынша
Мамандықтар |
Өтініш қабылдау |
Түсу емтихан |
Білім алушылар қатарына қабылдануы |
|||
орта буын және қолданбалы бакалаврмамандарын даярлау |
20 маусымы мен 25тамызы аралығында |
1 - 27 тамызы аралығында |
25-31тамызы аралығында |
|||
білікті жұмысшы кадрларды даярлау |
20 маусымы мен 27 тамыз аралығында |
1 – 29 тамызы аралығында |
25 - 31 тамызы аралығында |
|||
Кешкі және сырттай оқу нысаны бойынша
|
||||||
орта буын және қолданбалы бакалаврмамандарын даярлау |
20 маусымымен 20 қыркүйек аралығында |
1 тамызы мен 28қыркүйек аралығында |
15 -30 қыркүйек аралығында |
|||
арнайы курсқа |
- |
- |
|
|||
Кешкі оқу нысаны бойынша |
||||||
білікті жұмысшы кадрларды даярлау |
20 маусымы мен 20 қыркүйек аралығында |
1 тамызы мен 25 қыркүйек аралығында |
15 -30 қыркүйек аралығында |
|||
Қосымша №2
«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-
экономикалық колледжі» КМҚК-на
2020-2021 оқу жылына оқуға қабылдаудың Қағидаларына
"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты |
||
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші). |
2 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері |
1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары; |
3 |
Мемлекеттік |
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап орта буын және қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша түсетін көрсетілетін қызметті алушылар үшін: |
4 |
Көрсету нысаны |
электрондық/қағаз түрінде |
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орнына құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат немесе Стандарттың 9-тармағында баяндалған негіздерге сәйкес құжаттарды одан әрі қараудан дәлелді бас тарту және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес қолхат беру. |
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Тегін |
7 |
Жұмыс кестесі |
қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда көрсетілетін қызмет берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. |
8 |
Құжаттардың тізбесі |
көрсетілетін қызметті берушіге: |
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; |
10 |
Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
1) Көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда электрондық нысанда портал арқылы немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірін порталдың есептік жазбасына тіркеген және қосқан жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алады; |
Қосымша №3
«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-
экономикалық колледжі» КМҚК-на
2020-2021 оқу жылына оқуға қабылдаудың Қағидаларына
|
Нысан |
Көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттардың алынғаны туралы қолхат
Оқу орны _________________________________________________________________
(оқу орнының атауы)
__________________________________________________________________________
(елді мекен, аудан, қала және облыс атауы)
Құжаттардың қабылданғаны туралы № _________ қолхат
_____________________________ мынадай құжаттар алынды:
(көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (бар болса)
1. Өтініш
2. ________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Қабылдады Т.А.Ә. (бар болса) _________ (қолы)
20__ ж. "__" _____________
|
|
|
Қосымша №4 «Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалықколледжі» КМҚК-на 2020-2021 оқу жылына оқуға қабылдаудың Қағидаларына
Нысан |
|
Көрсетілетін қызметті |
Құжаттарды қабылдаудан бас тартқаны туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-1 бабын басшылыққа ала отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы ___________________________________ (мекенжайы көрсетілсін) Сіздің "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес толық құжаттар топтамасын ұсынбауыңызға байланысты және (немесе) қолданыс мерзімі өткен құжаттарды _________ мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1) ____________________;
2) ____________________;
3)....
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
Мемлекеттік корпорация қызметкерінің/
білім беру ұйымы қызметкерінің Т.А.Ә.
(бар болған жағдайда) _________ (қолы)
Орындаушының Т.А.Ә.
Телефоны __________
Алдым: Т.А.Ә. /көрсетілетін қызметті алушының қолы
20 ___ ж. "___" ______________
Қосымша №5
«Рымбек Байсейітов атындағы
Семей қаржы-экономикалықколледжі» КМҚК-на 2020-2021 оқу жылына
оқуға қабылдаудың Қағидаларына
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім мамандықтарының бейіні бойынша жалпы білім беру пәндерінің тізбесі
Техникалық және кәсіптік білім мамандығының коды |
Мамандықтың атауы |
Бейіндік пән атауы |
||||
Негізгі орта білім (жалпы негізгі) |
Негізгі орта білім (жалпы негізгі) |
Орта білім (жалпы орта) |
Орта білім (жалпы орта) |
|||
0100000 –Білім беру |
||||||
0104000 |
Кәсіптік білім беру (салалар бойынша) |
Алгебра |
Информатика |
Алгебра және анализ бастамалары |
Информатика |
|
1300000 - Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технология. Электрондық техника |
||||||
1304000 |
Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша) |
Алгебра |
Информатика |
Алгебра және анализ бастамалары |
Информатика |
|
1305000 |
Ақпараттық жүйелер (қолданылу саласы бойынша) |
Алгебра |
Информатика |
Алгебра және анализ бастамалары |
Информатика |
|
0500000 - Қызмет көрсету, экономика және басқару |
||||||
0516000 |
Қаржы (салалар бойынша) |
Алгебра |
Информатика |
Алгебра және анализ бастамалары |
Информатика |
|
0518000 |
Есеп және аудит (салалар бойынша) |
Алгебра |
Информатика |
Алгебра және анализ бастамалары |
Информатика |
|