Вакансия


 «Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны, 071400, Семей қаласы, Қайым Мухамедханов көшесі, 14, педагог-психолог бос лауазым орнына конкурс жариялайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

  1. жоғары білім немесе техникалық және кәсіптік білім.

Конкурсқа қатысушы ретінде мынадай тұлға қатыса алмайды:

1.Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;

2. Бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған.

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын қажетті құжаттар:

  1. конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
  3. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
  4. кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
  5.  лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;
  6.  еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін;
  7. соттылығы жоқ туралы анықтама;
  8. денсаулығы туралы белгіленген нысандағы  анықтама;

Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты (біліктілік арттыру туралы құжаттардың, бұрынғы жұмыс орнының басшысы ұсынымының көшірмелері) қосымша ақпаратты ұсына алады.

Конкурсқа қатысу туралы өтінішке қоса берілетін  құжаттарды қабылдау хабарландыру орналастырған уақыттан бастап 15 күнтізбелік күн аралығынада  жүзеге асырылады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2019 жылдың  01-15 тамыз  аралығында (сағат 09.00-18.00) 417 кабинет (кадр бөлімі).

«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны,

071400, Семей қаласы, Қайым Мухамедханов көшесі, 14,

Электрондық адрес  sfek@bk.ru

Тел. 8 (7222)  52-07-06, 52-24-20



Автор: admin

Мақалада: вакансия, jobs, жұмыс-