ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУДЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ


Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының

«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» КМҚК

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Рымбек Байсейітов атындағы Семей

 қаржы-экономикалық колледжі»  коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына

2019-2020 оқу жылына

ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУДЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Семей қаласы

 





1-тарау. Жалпы ережелер

 

      1. Осы  «Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» КМҚК-на (бұдан әрі - Колледж) оқуға қабылдаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығына сәйкес әзірленді және техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын колледжде оқуға қабылдау тәртібін анықтайды.

      2. Колледжге негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ білім туралы құжатымен (куәлік, аттестат) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдар қабылданады.

      3. Колледжге оқуға түсу кезінде адамдарды қабылдауға квота көзделеді:

1) I, II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек-балалар арасынан шыққан азаматтар үшін;

2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін;

3) ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқуға ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін;

4) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін;

5) жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасын жоғалтқан немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын;

6) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары.

      4. Түсу емтихандарын тапсыру нысанын колледж белгілейді.

 

2-тарау. Колледжге оқуға қабылдау тәртібі

      5. Колледжде тұлғалардың оқуға өтініштерін қабылдау үшін, түсу емтихандарын өткізу және білім алушылар құрамына қабылдау кезеңінде колледж басшыларының бұйрығымен күнтізбелік жылғы 1 маусымнан кешіктірмей қабылдау комиссиясы құрылады, ол тақ саннан тұрады. Қабылдау комиссиясының құрамына жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың, жұмыс берушілердің, қоғамдық ұйымдардың және білім беру ұйымдарының өкілдері кіреді. Қабылдау комиссиясының құрамынан оның мүшелерінің көп дауысымен төраға сайланады.      Қабылдау комиссиясының шешімі егерде отырыста оның құрамының үштен екі бөлігі қатысқан жағдайда заңды болып табылады. Дауыс тең болған жағдайда қабылдау комиссиясының басшысының шешімі негізгі шешім болып табылады. Хатшы қабылдау комиссиясының мүшесі болып табылмайды.

      6. Колледждің қабылдау комиссияларының өңірлерге барып тұлғаларды оқуға қабылдау жұмысын ұйымдастыру мәселелері білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органның келісімі бойынша шешіледі.

      7. Колледжге тұлғаларды білім алуға қабылдау олардың өтініштері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.

      8. Колледжге оқуға азаматтардың өтініштерін қабылдау:

      1) орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 25 тамызы аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында.

     2) білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 27 тамызы аралығында, оқудың кешкі нысанына күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында жүзеге асырылады.

  1. Оқуға қабылдау мемлекеттік білім беру тапсырысы және келісімшарт

(ақылы) бойынша төмендегідей  мамандықтар бойынша жүзеге асырылады:

0516000 «Қаржы» (салалар бойынша)

0518000 «Есеп және аудит» (салалар бойынша)

1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру (түрлері бойынша)»

1305000 «Ақпараттық жүйелер (қолдану салалры бойынша)»

0104000 «Кәсіптік білім беру (салалар бойынша)»

      10. Оқуға түсушілер колледжге оқуға қабылдау туралы өтінішіне білімі туралы құжаттың төлнұсқасын қоса бере отырып, "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 6697 нөмірімен тіркелген) № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы, "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 6697 нөмірімен тіркелген) № 088-У нысаны бойынша I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысын, 3x4 көлеміндегі 4 фотосуретін қоса береді.

      Оқуға түсетін құжаттарды оқуға түсушінің жеке өзі немесе оның заңды өкілдері ұсынады.

      Қабылдау квотасы қарастырылған колледжге оқуға түсуші тұлғалар санатты растайтын құжаттарын ұсынады.

      11. Оқуға түсушілерден түскен өтініштер колледждің тіркеу журналдарына оқытудың нысандары бойынша тіркеледі.

      12. Колледжге ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғаларды қабылдау психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы ескеріле отырып жүзеге асырылады.

      Түсу емтихандарына қатысу үшін мүгедек балалар және мүгедектер (көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған) "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама ұсынған кезде, қажет болған жағдайда, мемлекеттік комиссия төрағасының атына:

      1) жеке аудитория ұсыну;

      2) көру, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мүгедек балалар мен мүгедектерге арналған түсу емтиханы шеңберінде тапсырылатын пәндердің мұғалімі болып табылмайтын көмекшінің және (немесе) есту қабілеті бұзылған мүгедек балалар мен мүгедектер үшін ымдау тілін білетін маманның қажеттілігі туралы еркін нысанда қосымша өтініш бере алады.

      13. Түсу емтихандары орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша және:

       1) жалпы орта білімі бар оқуға түсушілер үшін үш пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және математика пәні) өткізіледі;

      2) негізгі орта білімі бар оқуға түсушілер үшін – негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары көлемінде екі пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі және математика пәні);

      3) негізгі орта (жалпы негізгі) білімі бар оқуға түсушілер үшін - негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары көлемінде екі пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі және мамандық бейіні бойынша пән);

      4) мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін әңгімелесу түрінде өткізіледі.

      Конкурс колледж өткізген түсу емтихандарының нәтижелері бойынша алынған баллдар (бағалар) негізінде өткізіледі.

      Түсу емтихандары бекітілген кестеге сәйкес өткізіледі. Кестені түсу емтихандарының өтетін күні мен уақытын, орнын көрсете отырып колледж басшысы (3) жұмыс күнінен кешіктірмей емтихан өткізерден алдын бекітеді және оны ақпараттық стендтермен колледждің интернет ресурстарында орналастырады.

      Білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілерге арналған түсу емтихандары әңгімелесу нысанында өткізіледі. Түсу емтихандарын және әңгімелесуді өткізу кезеңінде аудио-бейнежазба жүргізіледі.

      Қабылдау комиссиясы оқуға түсушімен тиісті бағыттар бойынша жеке әңгімелесуді жүргізеді.

      Қабылдау комиссиясы әр оқуға түсушімен әңгімелесуді 20 минуттан артық жүргізбейді.

      Әңгімелесуге арналған сұрақтар тізбесін қабылдау комиссиясының басшысы бекітеді.

      Түсу емтихандарының қорытындылары ақпараттық стендтерде және колледждің интернет-ресурстарында түсу емтихандарын өткізген күні орналастырылады.

      14. Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін адамдар үшін оқудың күндізгі нысанына түсу емтихандары күнтізбелік жылдың 1 тамызы мен 27 тамызы аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына күнтізбелік жылдың 1 тамызы мен 28 қыркүйек аралығында өткізіледі.

Білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін тұлғалар үшін оқудың күндізгі нысанына түсу емтихандары күнтізбелік жылдың 1 тамызы мен 29 тамызы аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына күнтізбелік жылдың 1 тамызы мен 25 қыркүйегі аралығында өткізіледі.

      Түсу емтихандарын өткізу кезінде:

      1) тестілеу нысанында әрбір пән бойынша тестілеу тапсырмаларының (сұрақтарының) саны – 25; әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1 балмен бағаланады; үш пән бойынша тестілеуге – 2 сағат 15 минут, ал екі пән бойынша – 1 сағат 30 минут беріледі; дұрыс жауаптар коды тестілеу аяқталғаннан кейін дереу ілінеді; тестілеу нәтижелері ол өткізілген күні хабарланады;

      2) пәндер бойынша емтихандар нысанында түсу емтихандарының нәтижелері бойынша алынған "3", "4", "5" бағаларын қабылдау комиссиясы мынадай шәкіл бойынша: "3" – 8 балға, "4" – 17 балға, "5" – 25 балға алмастырады.

      15. Колледжге түсу емтихандары түсушілердің өтінішіне сәйкес қазақ немесе орыс тілдерінде өткізіледі.

      16. Түсу емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

      17. Техникалық және кәсіптік білімнің мамандық бейіні бойынша жалпы білім беретін пәндердің тізбесі:

Техникалық және кәсіптік білім мамандығының коды

Мамандықтың атауы

Бейіндік пән атауы

Негізгі орта білім (жалпы негізгі)

Орта білім (жалпы орта)

0500000 - Қызмет көрсету, экономика және басқару

0516000

 

«Қаржы» (салалар бойынша)

математика

математика

0518000

 

«Есеп және аудит» (салалар бойынша)

математика

математика

1300000 – Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технология. Электрондық техника

1304000

 

Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)

 

математика

математика

1305000

 

Ақпараттық жүйелер (қолданылу саласы бойынша)

математика

математика

0100000 –Білім беру

0104000

 

Кәсіптік білім беру (салалар бойынша)

математика

математика

18. Қабылдау конкурсын өткізу кезінде осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес баллдар сомасы ескеріледі.

      19. Колледжде бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және түсу емтихандар нәтижелерін бағалау кезіндегі даулы мәселелерді шешу, оқуға түсушілердің құқығын қорғау мақсатында колледж басшысының бұйрығымен апелляциялық комиссия құрылады. Апелляциялық комиссия мүшелері тақ санынан тұрады. Апелляциялық комиссия мүшелері тесттік пәндер бойынша колледждегі педагогикалық қызметкерлердің санынан құрылады. Бір тестілеу пәні бойынша педагогикалық қызметкерлердің саны кемінде екі адамнан құрылады. Апелляциялық комиссия мүшелерінің құрамынан оның мүшелерінің көп дауысымен басшы сайланады.

      Хатшы аппеляциялық комиссияның мүшесі болып табылмайды.

      20. Түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген тұлға апелляцияға шағым береді.

      Апелляцияға өтініш апелляциялық комиссияға түсу емтихандарының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін беріледі және апелляциялық комиссиямен өтініш оны берушісінің қатысуымен бір жұмыс күні ішінде өтініш берген күннен бастап қаралады.

      21. Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа қатысушылардың көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және барлық қатысушы апелляциялық комиссия мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.

      22. Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау:

      1) оқудың күндізгі нысанына - күнтізбелік жылдың 25 тамызы мен 31 тамызы аралығында;

      2) оқудың кешкі және сырттай нысанына - күнтізбелік жылдың 15 қыркүйегі мен 30 қыркүйегі аралығында өткізіледі.

   Білікті жұмысшы кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау:

      1) оқудың күндізгі нысанына - негізгі орта немесе жалпы орта білімі туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағалары, әңгімелесу нәтижелері ескеріле отырып іріктеу негізінде күнтізбелік жылдың 25 тамызы мен 31 тамызы аралығында;

      2) оқудың кешкі және сырттай нысанына - негізгі орта немесе жалпы орта білімі туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағалары, әңгімелесу нәтижелері ескеріле отырып іріктеу негізінде күнтізбелік жылдың 15 қыркүйегі мен 30 қыркүйегі аралығында өткізіледі.

23. Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру ұйымдарына қабылдау мамандықтар, оқыту тілі бойынша қабылдау комиссиясының ашық отырыстарында жүргізіледі.

Білім алушылар құрамына қабылдау конкурсына қатысуға жіберілмейді:

1)      негізгі жалпы білім алғандар үшін екі пәннен:қазақ (орыс) тілі және математика, келесідей білім, құқық, экономика мамандықтары бойынша (9 сынып):

0516000 «Қаржы» (салалар бойынша) –16  балдан кем;

0518000 «Есеп және  аудит» (салалар бойынша)- 16 балдан кем;

1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық

қамтамасыздандыру(түрлері бойынша)» - 16 балдан кем;

1305000 «Ақпараттық жүйелер (қолдану салалары бойынша)»

- 16 балдан кем жинағандар жіберілмейді.

2)      жалпы орта білім алғандар үшін үш пәннен: қазақ (орыс) тілі, Қазақстан тарихы және математика, келесідей білім, құқық, экономика мамандықтары бойынша (11 сынып):

0516000 «Қаржы» (салалар бойынша) – 24 балдан кем;

0518000 «Есеп және  аудит» (салалар бойынша) - 24 балдан  

кем;

0104000 «Кәсіптік білім беру (салалар бойынша)» -24 балдан

кем;

1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық

қамтамасыздандыру (түрлері бойынша)» - 24 балдан кем;

1305000 «Ақпараттық жүйелер (қолдану салалары бойынша)» - 24 балдан кем жинағандар жіберілмейді.

      24. Қабылдау комиссиялары оқуға түсушілерді қабылдау нәтижелері туралы ақпаратты орта буын мамандарын даярлауды көздейтін оқудың күндізгі нысанына күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін, білікті жұмысшы кадрларды даярлау - күнтізбелік жылдың 10 қыркүйегіне дейін, сырттай және кешкі оқу нысандарына күнтізбелік жылдың 30 қыркүйегіне дейін ақпараттық стенділерге немесе колледждің интернет-ресурстарына жариялау арқылы оқуға түсушілердің назарына жеткізеді.

25. Білім алушылардың ақылы топтарда оқу ақысы жыл сайын 80 АЕК-ін құрайды.  АЕК мөлшерінің жылдық өзгерісі оқу ақысының толық кезеңіне әсер етпейді.

Кейінгі курстарда оқыту оқуға түскен кездегі АЕК мөлшері бойынша оқу ақысы төленеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша №1

                                                    «Р. Байсейітов атындағы Семей қаржы-                                

                                                              экономикалық колледжі» КМҚК-на           

                                                                  2019-2020 оқу жылына  Қабылдау Ережесіне

 

 

 

Күндізгі оқу нысаны бойынша

 

Мамандықтар

Өтініш қабылдау

Түсу емтихан

Білім алушылар қатарына қабылдануы

1

орта буын мамандарын даярлау

20 маусымы мен

25 тамыз аралығында

 1 - 27 тамызы аралығында

 25-31тамызы аралығында

2

білікті жұмысшы кадрларды даярлау

 20 маусымы мен 27 тамыз аралығында

1 – 29  тамызы аралығында

25 - 31 тамызы

аралығында

Кешкі және сырттай оқу нысаны бойынша

 

1

орта буын мамандарын даярлау

20 маусымы мен 20 қыркүйек аралығында

 1 тамызы мен 28 қыркүйек аралығында

15 -30 қыркүйек аралығында

2

арнайы курсқа

-

-

 

Кешкі оқу нысаны бойынша

 



Автор: admin