Түлектерді жұмысқа орналастыру

Түлектерді жұмысқа орналастыру қазіргі заман талабының негізгі өлшемі болып табылады. Биылғы 2017-2018 оқу жылында 205 түлек 5 түрлі мамандық бойынша диплом алып шықты. Еңбек нарығында техник-бағдарламашы, кәсіптік оқыту шебері, есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету бойынша техник - бағдарламашы, ақпаратты қорғау технигі, компьютерлік құрылғыларға қызмет көрсетуші техник, қаржы жұмысындағы экономист, бухгалтер-ревизор мамандарына сұраныс бар. Сондықтан колледж бітіруші түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші жыл сайын артып келеді. Биылғы оқу жылының соңында завод-фабрикалардан, түрлі мемлекеттік мекемелерден 30ға жуық сұраныс хаттар келіп түсті. Сол хаттар негізінде түлектердің басым бөлігі жұмысқа орналасты.