Алғыс айту күні – ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған күн!

Осыған орай 1 наурыз қарсаныңда БАЙСЕИТОВ ШЫҢЫН БАҒЫНДЫРУШЫЛАР МЕКТЕБІНІҢ @bayseitov_intellectual_school ұйымдастыруымен алғыс айту челенджі өткізілді.

💐🎉Бұл күн – бейбітшілік пен келісім саясатының толыққанды қалыптасқандығын көрсететін салтанатты мереке. Сонымен қатар түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі.

🤝Алғыс айту күні еліміздің азаматтары қазақ халқына алғыс айтуымен қатар баршамыздың өз ата-анамызға, бауырларымызға да қала берсе барша отандастарымызға алғыс білдіретін күн екенін ұмытпайық!

💐1 наурыз – мереке достық пен бірлігіміздің, мәдени сан алуандығымыздың жарқын дәлелі. Баршамызға ортақ ел мен жерді сүйіп, құрметтеуге серпін бермек. Олай болса, көктемнің алғашқы күнімен қатар келген мерейлі мереке құтты болсын!

Ответить

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *